![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/9/90/%25D0%259E%25D0%25B6%25D0%25B0%25D1%2583.jpg/640px-%25D0%259E%25D0%25B6%25D0%25B0%25D1%2583.jpg&w=640&q=50)
Ожау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ожау — қымыз, айран, сүт, сусын құюға қолданылатын ыдыс. Шұңғыл бөліктен және қолға ұстауға ыңғайлы саптан тұрады. Ожау ағаштан, металдан жасалады.Ағаштан жасалған түрлері б.з.б. 2 ғасырымыздан бастап қолданыла бастаған. Археологиялық деректерге қарағанда, ожаудың ағаштан жасалған түрлерін Орталық Азия халықтары ерте темір дәуірінде-ақ қолдана бастаған. Металл ожау 16 – 19 ғасырларда кең тарады. Дәстүрлі қазақ қоғамында дастарханның шырайын келтіретін мүлік ретінде ерекше бағаланған. Оны қазақ шеберлері әр түрлі ағаштардан (тораңғы, емен, т.б.) ойып дайындаған. Кейде сабы ою-өрнектермен безендірілген. Ауқатты қазақтар сәндік бұйым есебінде ожауды алтынмен, күміспен қаптатып, кейде сабына асыл тас орнаттырған.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/9/90/%D0%9E%D0%B6%D0%B0%D1%83.jpg/640px-%D0%9E%D0%B6%D0%B0%D1%83.jpg)