From Wikipedia, the free encyclopedia
Таутандар (лат. Gymnocephalus) — алабұға тәрізділерге жататын ұсақ балықтар. Таутандар Ақ және Балтық теніздерінде, Солт. Мұзды мұхит өзендерінің алаптарында, Қара және Каспий теніздерінің солтүстік бөліктеріне құятын өзендерде кездеседі. Қазақстанда Таутандар кең тараған, тек респуликаның оңтүстегіндегі су алаптарында кездеспейді.
Таутандар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Gymnocephalus cernua
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||
Perca schraetser Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Туыстың 4 түрі, Қазақстанда 1 түрі – кәдімгі Таутандар (G. cernua) бар. Оның денесінің ұзындығы 8 – 12 (20) см, салм. 15 – 25 (100) г. Су түбінде үйір құрып тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Табиғи жағдайда 7 – 12 жылдай тіршілік етеді. Сәуір – маусым айларында су температурасы 8 – 20 oС болғанда су түбіндегі қиыршық тастарға, өсімдік тамырларына 100 мыңға жуық уылдырығын шашады.
Таутандардың шабағы зоопланктонмен, ересегі зообентоспен қоректенеді. Қоректену белсенділігі ымыртта арта түседі. Кәсіптік маңызы шамалы, кәсіптік балықтардың (табан балық, т.б.) қоректік бәсекелесі болып саналады.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.