Таскескен ауданы — 1980-1996 жылдары болған Семей облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Таскескен ауылы.
Таскескен ауданы 1980 жылы 17 қазанда Семей облысының құрамында құрылды. Оның құрамына Аягөз ауданының Ақсәуле, Қарақол, Қоңыршәулі, Қопа және Шолпан ауылдық кеңестері, сондай-ақ Үржар ауданының Ново-Троицк және Предгорный ауылдық кеңестері кірді.
1987 жылы Ақтоғай кенті Талдықорған облысының Бөрілітөбе ауданынан Таскескен ауданына берілді.
1993 жылы Ақсәуле ауылдық кеңесі –Ақшәулі, Ново-Троицк – Салқынбел, Предгорный – Алтыншоқы деп өзгертілді.
1996 жылы 29 қазанда Таскескен ауданы таратылды. Сонымен бірге Ақтоғай кенті мен Ақшәулі, Қопа ауылдық округтері – Аягөз ауданына, Алтыншоқы, Қарақол, Қоңыршәулі, Салқынбел, Шолпан ауылдық округтері – Үржар ауданына берілді.
1986 жылы ауданда 7 ауылдық кеңес болған: .[1]
1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 7 ауылдық кеңес пен 25 елді мекен болған:[2]
Ауылдық кеңес | Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|
Ақсәуле ауылдық кеңесі | Ақсәуле ауылы | Ақсәуле, Қарабұлақ, Үшащы |
Қарақол ауылдық кеңесі | Қарақол ауылы | Ақиін, Әбеу, Қарақол, Сағат, Сарытерек |
Қоңыршәулі ауылдық кеңесі | Таскескен ауылы | Таскескен, Үшбұлақ |
Қопа ауылдық кеңесі | Қопа ауылы | Қарақұм, Қарасу, Қопа |
Новотроицк ауылдық кеңесі | Сегізбай ауылы | Желдіқара, Қызылжұлдыз, Новотроицкое, Сегізбай |
Предгорный ауылдық кеңесі | Предгорное ауылы | Лайбұлақ, Предгорное, Текебұлақ |
Шолпан ауылдық кеңесі | Жанама ауылы | Ай, Жанама, Қостерек, Ойтас, Шыңырау |
1989[3] |
---|
32065 |
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.