From Wikipedia, the free encyclopedia
Тартарлар (лат. Porzana) – тырнатәрізділер отряды, сутартарлар тұқымдасына жататын құстар. Қазақстанда батпақты жерлер мен қамыс, қоға, қияқ қалың өскен су қоймаларында кездесетін 3 түрі: тартар (Р. porzana), кішкене тартар (Р. parva) және титтей тартар (Р. pusіlla) бар. Бұлардың дене мөлшері 16,5 – 28 см, салмағы 80 – 130 г. Тұмсығы кішкентай, қанаты қысқа, денесі екі бүйірінен қысыңқы, аяғындағы саусақтары ұзын. Тартарлар – жыл құстары. Наурыз айының басында ұшып келіп, қалың қамыс, қоғаның арасына ұя салады. Ұядағы 5 – 9 жұмыртқаны мекиені мен қоразы 21 күндей кезектесіп басып, балапан өргізеді. Қорегін түнде аулайды, сондықтан күндіз көзге шалына бермейді. Негізінен жәндіктер мен суда өсетін өсімдіктермен қоректенеді. Қыстау үшін қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Тартарларды әуесқойлық жолмен аулайды.[1]
Тартарлар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Тартар, Porzana porzana
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Түрлері | ||||||||||||
13 қазіргі |
Кішкене тартарлар (Porzana parva)- танымал ‘’суртартар келбетті’’ қараторғайдай (50-60г) құс. Жоны – қошқыл діңгек теңбілді және бойлай созылған ақ түсті жіңішке сызықты болып келеді. Тұмсығының түбі – қызыл, ұшы – сары. Еуропада, ішінара Азия және Солтүстік Африкада қоныстанады. Қазақстанда батыс, солтүстік және Орталық Қазақстанның көптеген аудандарында өмір сүреді. Оңтүстік Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында орын тепкен. Ұшып өту кезінде барлық жерлерден кездеседі.
Қазақстан табиғаты
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.