From Wikipedia, the free encyclopedia
Тамды — Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл, Тамды ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Тамды | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
43°08′56″ с. е. 70°35′41″ ш. б.43.14889° с. е. 70.59472° ш. б. (G) (O) (Я) |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼1299 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
08 |
Тамды шекарасы
|
Аудан орталығы – Қаратау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік баурайындағы бетеге, сұлыбас басым өскен сортаңды қызғылт қоңыр топырақты құрғақ шөлейтті далада орналасқан.
Тамды ауылы көлеміндегі Тамды, Ақшұқыр, Молотов, Жаңаөткел және Жалтөбе колхоздары Тамды кеңшарына біріктірілген. Бұл шаруашылық кейіннен Шолақтау совхозы, "Қойкелді батыр" агробірлестігі, соңынан "Қойкелді батыр" өндірістік кооперативі болып жұмыс істеді. Оның негізінде 1997 жылдан Тамдыда өндірістік кооператив және 50-ден астам шаруа қожалығы ұйымдастырылды.
Қолбасшы Қойгелді батыр атындағы орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Ауылдың инженерлік инфрақұрылымы дамыған. 1995 жылдан ауданда тұңғыш рет табиғи газ отынын пайдаланады. Таза ауыз су жүйесі ауыл тұрғындарына тәулік бойы су беруде. Тамды темір жол бекеті арқылы халық темір жол арқылы жолаушылар тасымалдау қызметін тұрақты көруде.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.