Кұлыбаев Талғат Асқарұлы (11.7.1960 ж.т., Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би а.) – генерал-майор (2000), заң. ғылым докторы (2004).
Quick Facts Лауазымы, Ту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясының бастығы ...
Close
Кұлыбаев Талғат Асқарұлы (11.7.1960 ж.т., Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би а.) – генерал-майор (2000), заң. ғылым докторы (2004).
Дулат тайпасының сиқым руынан шыққан.[1].
КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін (1981) және КСРО ІІМ-нің академиясын (1988) бітірген. Алматы қ-лық атқару к-тінде инспектор (1981–82), бөлім бастығы және Алматы қ-ндағы Фрунзе (қазіргі Медеу) ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, бөлім бастығы (1982–91), Фрунзе ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы (1992–95), ҚР Мемл. тергеу к-тінің Бас басқармасы бастығының орынбасары (1995–97), Алматы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (1997–99) және бастығы (1999–2000), Жамбыл облысы. Ішкі істер басқармасының бастығы (2000–05) болып жұмыс істеді. 2005 жылдан ҚР Оңтүстік-шығыс көлік ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарады. «Роль криминалистических категорий при расследовании преступлений» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады.
[2]