![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5c/Flag_of_the_Taliban.svg/langkk-640px-Flag_of_the_Taliban.svg.png&w=640&q=50)
Талибан
исламистік, террористік діни-саяси ұйым / From Wikipedia, the free encyclopedia
Талибан (кейде тәліптер, пушт.: طالبان , мемлекеттік атауы Ауғанстан Ислам Әмірлігі) — Ауғанстандағы исламистік, ұлтшыл, көптеген елдерде террористік деп танылған діни-саяси қозғалыс. 1990 жылдардың екінші жартысында пайда болған, 1996 жылдан 2001 жылға дейін елдің төрттен үш бөлігін басқарды, американдық басқыншылықтан кейін құлатылды. 2021 жылы 15 тамызда Кабулды қайтарып алды, және содан бері Ауғанстанның билігінде. Алайда оның үкіметін ешбір ел мойындамайды. Талибан үкіметі Ауғанстандағы адам құқықтарын, соның ішінде әйелдер мен қыздардың жұмыс істеу және білім алу құқығын шектейді деп сынға алынды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5c/Flag_of_the_Taliban.svg/640px-Flag_of_the_Taliban.svg.png)
Талибан — 2005 жылдан бері Қазақстан Жоғарғы Соты шешімімен елде тыйым салынған, және террористік ұйым болып танылатын қозғалыс.[1][2] Алайда оған қарамастан Қазақстан мен Ауғанстан Исламдық әмірлігі арасында байланыс және сауда жалғасуда.[1]