1996–2001 жылдары Ауғанстан аумағында орналасқан тарихи мемлекет From Wikipedia, the free encyclopedia
Ауғанстан Ислам Әмірлігі (пушт.: د افغانستان ا سلامی جمهوریت ) — 1996 жылдан 2001 жылға дейін Ауғанстанның аумағында орналасқан тарихи жартылай мойындалған ислам мемлекеті. Мемлекет Пәкістанның қолдауымен «Талибан» исламисттік қозғалысы азаматтық соғыс (1992—1996) нәтижесінде билікті басып алғаннан кейін пайда болды[8]. Мемлекет Пәкістан, Сауд Арабиясы, БАӘ[9], Түрікменстан (де-факто) және мойындалмаған ИШР (Ичкерия)[үлгіні алып тастау] мемлекеттерінен дипломатиялық мойындау алды.
Ауғанстан Ислам Әмірлігі пушт.: د افغانستان اسلامي امارات Тарихи мемлекет Жартылай мойындалған мемлекет | |||||||
| |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Ұраны «لا إله إلا الله محمد رسول الله — Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» | |||||||
Әнұраны жоқ (де-юре; музыка тыйым салынған) دا د باتورانو کور Dā də bātorāno kor | |||||||
Астанасы | Кабул (де-юре)[5] Кандагар (де-факто)[6] | ||||||
Тіл(дер)і | пушту (ресми) түрікменше, өзбекше және т.б. | ||||||
Діні | ислам | ||||||
Дипломатиялық мойындау | Пәкістан Сауд Арабиясы БАӘ Түрікменстан (де-факто) ИШР (Ичкерия)[үлгіні алып тастау] (мойындалған мемлекет) | ||||||
Аумағы | 652 864 км² | ||||||
Халқы | шамамен 39 907 500 (1996) | ||||||
Басқару формасы | авторитарлы ислам мемлекеті (әмірлік)[7] | ||||||
Әмір әл-мүмин | |||||||
- 1996—2001 | Мұхаммед Омар | ||||||
Талибанның қоластындағы Ауғанстан қатал шариғат бойынша билеген теократиялық мемлекет болып саналған. Мемлекет басқару формасы бойынша Ауғанстан авторитарлы, тоталитарлы және автократиялық мемлекет болды; мемлекет басшысы — әмір (толық атауы — әмір әл-мүмин, араб.: أمير المؤمنين). 1996 жылы тағайындалған молда Мұхаммед Омар өзінің қолында барлық саяси, әскери және діни билікті ұстады[10].
«Талибан» идеологиясы Ауғанстан аумағында нығайтылған, мысалға: теледидар, музыка және музыкалық аспаптар, бейнелеу өнері, алкоголь, компьютерлер мен Интернет, шахмат, ақ аяқ киім (ақ — Талибан туының түсі), жыныстық қатынас туралы ашық пікірталас және тағы басқалар тыйым салынды[11]. Әмірлік либералды демократияға, секуляризмға және батыстық өркениетке қарсы шыққан (әсіресе АҚШ пен Израильге)[12][13]. Талибтердің ойы бойынша, осы идеологияны құптамайтын адамдар — адасқандар, және қудалануға ұшырауға тиіс.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.