Тайпақ (1993 жылғы 7 қазанға дейін — Калмыково)[1] — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Тайпақ ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Тайпақ | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
49°02′03″ с. е. 51°49′44″ ш. б.49.03417° с. е. 51.82889° ш. б. (G) (O) (Я) |
Бұрынғы атаулары |
Калмыково |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼4243 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
07 |
Тайпақ шекарасы
|
Географиялық орны
Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 142 км жерде, Жайықтың оң аңғарының жусаны аралас баялыш, көкпек, бетеге, қау өскен сұр, сортанды сұр, шалғыңды қоңыр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 5070 адам (2524 ер адам және 2546 әйел адам) болса, 2009 жылы 4692 адамды (2345 ер адам және 2347 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4243 адамды (2170 ер адам және 2073 әйел адам) құрады.[3]
Тарихы
1996 жылға дейін Калмыково деп аталып келген. Тайпақ жөніндегі алғашқы мәліметтер 16 ғасырға жатады. Орал қаласынан кейінгі облыс аумағындағы ең көне елді мекен - осы Тайпақтың орнындағы бұрынғы Калмыков кенті. Елді мекенде қалмақ хандығының ордасы болған. Аңыз бойынша, бұл жерге бір қезде қалмақ князі қоныстанған. Оны жергілікті қазақтар «Князь қала» деп те атайды. Екі ғасыр бойы қамал ретінде және Азиядан Ресейге баратын сауда керуен жолындағы елді мекен болды. 1875 жылы уездік қалаға айналған. Мұнда 1884 жылы «Тургенев кітапханасы» 479 деп аталатын кітапхана, мектеп, медпункт ашылады. Тайпақта жыл сайын үлкен жәрмеңкелер өтіп тұрады. Жаратылыстанушы ғалымдар мен саяхатшылар (П.И. Рычков, 1734; П.С.Паллас, 1769; Н.А. Северцов, 1862) жол жазбаларында Тайпақ туралы және Жайықтың осы өңірі туралы құнды деректер жазып кеткен. Саратов-Орал темір жолы салынғаннан кейін Тайпақтың сауда маңызы жойыла бастады. Өйткені шығыстан келетін керуен жолы Ойыл арқылы өтіп, Оралға тура тартатын болды. 1928-1997 жылдар аралығыңда Тайпақ ауданның орталығы және «Краснояр» қаракөл қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізіңде 1997 жылдан Тайпақта оған қарасты Шабдаржап, Томпақ ауылдарында 237 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Ауылдарда 4 орта, 2 орталау мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, мәдениет үйі, 4 кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық және 3 фельдшер-акушерлік пункт орналасқан. Тайпақ арқылы Орал-Атырау автомобиль жолы өтеді. Жайық арқылы кеме қатынайды.[4]
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
- Қ. Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
- Тайпақ мектеп-гимназиясы — Ақжайық ауданы әкімінің 1997 жылғы 27 маусымдағы №152 шешімімен ашылған. Бастапқы уақытта Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектептің қосымша ғимаратында орналасқан. «Ақжайық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 24 шілдедегі №19 шешімімен Тайпақ ауылы, Гагарин көшесі №23 мекенжайдағы ғимарат пайдалануға берілді.[5]
- Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі — 1968 жылы Краснояр бастауыш мектебі болып Калмыков орта мектебінің бастауыш сыныптары негізінде ашылды. 1971-72 оқу жылында Краснояр 8 жылдық мектебі болып өзгертілді. 1976- 77 жылдары оқу жылында Краснояр орта мектебі болып қайтадан ашылды. 1976-93 жылдары оқу жылдарында мектеп жанында интернат жұмыс жасады. Бұл интернатта № 3 ферма шопандарының балалары және Харькин, Краснояр ауылдарының 9-10 сынып оқушылары тәрбиеленді. 1993 жылы Краснояр совхозының таратылуына байланысты интернат жабылды. 1987-88 оқу жылында мектеп 3 қабатты жаңа ғимаратқа көшті.[6]
Ауыл көшелері
- А. Пушкин көшесі
- Абай көшесі
- Азаттық (Октябрьдің 50 жылдығы) көшесі
- Ә. Кашкенов көшесі
- Ә. Молдағұлова көшесі
- Б. Бисенов (Ленин) көшесі
- Бейбітшілік көшесі
- Д. Жауымбаев көшесі
- Д. Нұрпейісова көшесі
- Достық (Гагарин) көшесі
- Ж. Молдағалиев көшесі
- Жайық көшесі
- Жамбыл көшесі
- Жеңіс (Жеңістің 40 жылдығы) көшесі
- И. Тайманов көшесі
- Кеңжайлау (Хаустов) көшесі
- Көкпар (Шемякин) көшесі
- Қ. Ғилманов көшесі
- Құрманғазы көшесі
- Құрылысшы көшесі
- М. Әуезов көшесі
- М. Мәметова көшесі
- Махамбет көшесі
- Орталық алаң көшесі
- Сарыжайлау (Фурманов) көшесі
- Т. Әубәкіров көшесі
- Т. Жұмақаев көшесі
- Т. Жұмалиев көшесі
- Т. Масин көшесі
- Х. Чурин көшесі
- Хан тәңірі (Чапаев) көшесі
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.