Сұр тырна

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сұр тырна

Сұр тырна (лат. Grus grus) - саны үздіксіз кеміп бара жатқан кең тараған түр.

Quick Facts Сұр тырна, Амандық күйі ...
Сұр тырна
Thumb
Амандық күйі
Thumb
Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тырнатәрізділер
Тұқымдасы: Gruidae
Тегі: Grus
Түрі: G. grus
Екі-есімді атауы
Grus grus
(Карл Линней, 1758)
Синонимдері

Grus turfa Portis, 1884

Close
Thumb
Жұмыртқа

Қазақстанның солтүстігіндегі орманды-далалы аудандарда көптеп, ал республикамыздың оңтүстік-шығысындағы өзен алқаптарында өте сирек кездеседі. Қамыс пен құрақ қалың өскен таяз өзендер мен көлдердің батпақты учаскелерін мекендейді. Негізгі биотоптарын меңгеру және құрғату түрге қауып-қатер төндіреді. Саны анықталмаған, оның кеміп бара жатқаны ғана белгілі. Тырнаның мекендейтен жерлерінде қорықтар мен қорықшалер аз. Оларды, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында құру қажет.

Сипаттама

Сұр тырна- кәдімгідей (салмағы 4-7 кг, қанатының алымы - 2-2,2 м) тырналардың бірі. Қанатының ұштары қошқыл, сұр құс. Маңдайын, ноқтасын және төбесін сирек қылтанақты қошқыл тері қаптаған, желкесінде қызыл тақыр теңбілі болады. Көзден басталып бастың екі жағымен жалпақ ақ жолақ созылады, мойнының алдыңғы жағы қошқыл сұр түсті. Тарқатылған үшінші дәрежелі желпуіш қауырсындардан қампиған «құйрық» түзілген. Аяғы- қара, тұмсығы- ұшы жылтыраған зәйтүн өңді қоңыр. Аталығы мен аналығының өңдері бірдей жас тырналар басындағы жабын қауырсындар сирек қара секпілі қызыл қошқыл қызғылт-сары реңді болып келеді.

Мекені

Еуразияның әр түрлі зоналарында- орман, дала тіпті шөлейт зоналарында қоныстанады. Қазақстанда көбінесе орманды дала және дала зонасында өмір сүреді, дегенмен аздаған тұқымтоптар жарамды орындар арқылы өзен аңғарлары мен көлдердің қазаншұңқырларына оңтүстікке- Солтүстік Тәңіртауға дейін енеді.

Ұяларын салуы

Жеке жұптары ылғалды жерлерге орнығады және таяз су ортасындағы төмпешіктерге ұяларын салады. Ұяның өзі едәуір қомақты, сондықтан оның айналасындағы шалғындық шөптерден көтеріңкі болады. Салындыдығы 2-3 жиі теңбілді жұмыртқаларды көбінесе аналығы бір ай басады, оны аталығы қорғайды, балапандарды ата-енелері өрбітеді. Балапандар шілдеде қанатына көтеріледі., бұдан соң тырналар топқа жинақталады.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.