Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы.
Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі).[1]
Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұға, шортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйекті желбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты. Сүйекті балықтардың қантарату жүйесі теміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының қүрылысы темір шекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыстар шығару арқылы байланыс жасайды. Дыбыстарды қабылдайтын; балықтар тіршілігінде маңызы зор.
Бұлардың иіс, дәм сезуі, бүйір сызығы шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтарда дара жынысты, қосжыныстылық сирек кездеседі. Тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шовал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы - сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жүмыртқа жасушалар жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырыл, шабақтар өсіріледі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы, бекірелер, албырттар теңіздей өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп, уылдырық шашады. Ұрықтанған уылдырықтан бірте-бірте дернәсіл, одан шабақ өсіп жетіледі. Балықтар мүхиттарда, теңіздерде, өзендерде, басқа да су айдындарында кездеседі. Әсіресе, теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. Ондай жерлерге күн сәулесі мол түсіп, су өсімдіктері көп өседі. «Балдырлы көлде балық көп» деген сөз соны аңғартады.
Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар.
Бүлардың кейбір отрядтарының қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек. Сондықтан шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері байқалады. Мысалы
тұмсығының болуы, құйрық жүзбеқанат қалаларының тең болмауы. Олардың сүйекті балықтарға тән желбезек қақпағы және торсылдағы болады. Бұл балықтар бекіретәріздестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Басқа балықтардың денесінде осындай ірі мүйізді шытыралар болмайды. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады. Бекірелердің кәсіптік мәні зор. Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз «балық патшасы - бекіре» деп атайды. Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді. Ондай балықтарды өрістегіш балықтар деп атайды. Бекіре балықтарының тіршілігін байқаған халқымыз «бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды» - деп қорытынды жасаған. «Бекіренің бал татыған еті», «бекіренің бес кеспесі» - деген сөздер бекіре етінің құндылығын аңғартады. Бекіре балықтарының бір тобы - тасбекірелер. Қазақстанда кездесетін сырдария тасбекіресі мен пілмай сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Сәулеқанатты балықтар класс тармағы қазiргi барлық балықтардың 90% астамы осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңiздер мен мұхит суларына әртүрлi қабаттарды мекендейдi. Олардың көптеген түрлерiн тұщы сулардың, өзендер мен көлдерден, бұлақтар мен бөгеттерден кездестiруге болады. Сәулеқанаттылардың өзiне тән белгiлерi бар. Көкiрек қанаттарының қауырсындары бiрден иық белдеуiне бекидi. Сондықтан бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Дене қаңқасы толығынан сүйектен тұрады. Тыныс алу мүшесi желбезек, iшектiң үстiнде жатқан жүзу торсылдағы бар. Эволюцияның барысында тез жүзуге, жауларынан қорғануға, әртүрлi судың iшiнде тiршiлiк етуге бейiмделушiлiк қабiлетiнiң болуы тағы басқа да мүшелерiнде өзгерiстер болады. Бұл класс тармағы бiрнеше отряд үстiне бөлiнедi:
Отряд үстi ганоидтар –Ganiodomorpha
Бекiре тәрiздiлер отряды – Acipenseriformes
Бекiре тұқымдасы - Acipenseridae
Қалақша тұмсықтылар тұқымдасы – Polyodontidae [2]
Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-дай астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдақ бар, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар басты отрядтарына ғана тоқталамыз.
Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Қостынысты Салықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетелі. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазон өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.
Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі кезде оның бір ғана - латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша, үрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитының Африка жағалауынан латимерия алғаш рет ауға түсті. Саны аз болғандықтан, ауға өте сирек түседі. Латимерия - аузында өткір тістері бар жыртқыш балық. Денесінде желі өмір бойы сақталады. Үлкен өкпесі күрделі өзгеріске ұшырап, майлы мүшеге айналған. Ішкі танау тесігі болмағандықтан, атмосфералық ауамен тыныс ала алмайды. Жұп жүзбеқанаттары еті мол жалпақ қалаққа айналған. Жүзбеқанаттарының қаңқасы бес саусақты аяқтарға ұқсас Майшабақтәріздестер отряды. Көпшілік түрлері теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі - Мұхит майшабағы. Сардинка (Қиыр Шығыс теңіздерінде), қылқа (килька) (Балтық, Қара теңіз дерінде), түлкібалық (тюлька) (Каспий, Қара теңіздерінде) көптеп ау даналы. Каспийдің солтүстік аймағында, Жайық өзенінде кездесетін еділ майшабағы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Албырттәріздестер отряды. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар (жеңсік албырт). Олар құйрық бөлімше жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратады. Бұлардың көпшілік түрлері өрістегіш балықтар. Албырттар Қиыр Шығыс теңіздерін де көптеп кездеседі. Уылдырық шашу үшін Амур өзеніне көтеріледі. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өледі. Оған кета, нерпа, ұнысбалық, т. б. балықтар жатады. Албырт балықтарынан қызыл уылдырық алынады. Бұған таулы алқаптың өзен-көлдерінде кездесетін, бахтах (форель) балығы да жатады. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде "патша балығы’’ деп атайды. Каспий және аралалбырттары деген түрлерінің саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Сетінектер (трескалар) отряды. Қазіргі кезде кәсіптік мәні зор балықтардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Сетінектер солтүстік жарты шардың қоңыржай және арктикалық теңіздерінде кеңінен таралған. Балықтың келтірілген еті сыртылдау ыдырайтын болғандықтан, «сетінек» деп аталған. Олардың еті, бауыр майы қымбат бағаланады. Бауырынан балық майы алынады. Оның құрамында Д витамині мол. Оны мешел ауруына қарсы ем ретінде пайдаланады. Көзауықтар (камбалалар) отряды. Олардың тұлғасы жалпақ. Теңіздің түбінде тіршілік етуге бейімделген. Арқа жағының түсі қарақошқыл, ал құрсақ жағы ақшыл болады. Оларды арнайы темір аудар салып ауд айды. Көзауықтың тілбейне (глосса), қалқан деген түрлері Арал теңізіне жерсіндірілген. Соңғы жылдары Арал балықшылары тілбейнені аулан, табыс көзіне айналдыруда. Тұқытәріздестер отряды. Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін аққайран, мөңке, қаракөз, табан, ақмарқа, қаяз балықтары жатады. Тұқы, мөңке балықтарын қолдан жасаған тоған суларында өсіру тиімді әрі пайдалы. Олар (ақ амур, дөңмаңдай, т.б.) өсімдіктермен қоректенеді. Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық балық түрлері кездеседі. Соның 16 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Солардың ішінде біздің елімізде ғана кездесетін балқаш алабұғасын, іле шармайын сақтап қалудың маңызы зор. Сүйекті балықтар - денесі қабыршақтан қапталған, қабыршақтары және қаңқасы сүйектен түзілген, желбезек қақпақтары бар омыртқа жоталы жануарлар. Сүйекті балықтар негізгі 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: сәулеқанатты және қалаққанатты балықтар. Сәулеқанатты балықтарға бекіретәріздестер, майшабақтәріздестер, албырттәріздестер, сетінектер, көзауықтар, тұқытәріздес балықтар жатады. Ал қостынысты және саусаққанатты балықтар қалаққанаттыларға топтастырылады. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ бар. Су түбінде өмір сүретіндерінде торсылдақ болмайды. Бұлар - дара жынысты балықтар. Тек теңіз алабұлғасы ғана қосжынысты. Сүйекті балықтар уылдырық шашу арқылы сырттай ұрықтанады. Бұлардың кәсіптік маңызы зор. Сүйекті балықтар - алғаш сула өмір сүрген омыртқа жоталы жануарлар.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.