From Wikipedia, the free encyclopedia
Сібір құртқашашы (лат. Iris sibirica) – құртқашаштар тұқымдасына жататын Шығыс және Орталық Еуропада, Сібірде (Солтүстік Азия) өсетін көпжылдық өсімдік.
Сібір құртқашашы | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
Iris sibirica L. |
Шығыс және Орталық Еуропада, Сібірде (Солтүстік Азия) өседі. Қазақстанда кездесетін 19 түрі бар. Олар Республиканың тек солтүстігінде, орманды, далалы аймақтарда кездеседі.
Бұл шөптесін көпжылдық өсімдік - тамыры бұтақталған түбін тығыздап алып қайың жанында , түбінде, орманның ашық жерлерінде , ылғалды шалғындарда өседі. Жапырағы жіңішке (1 см-дің айналасында) , таспа тәрізді , тегіс, желпуіш тәрізді шоқтана жиналған. Сабағы тік, биік (100 см-ге жетеді) , жапырақтары дара , гүл саны 2-3, диаметрі 5-7 см-ге жетеді. Түстері жиі өзгереді - қою сия түстен , көкшіл , көгілдір , бозғылт, кейде таза ақ түсті. Қысқа түтіктегі гүл серігі алты бөліктен тұрады , төмен өскен және екі шеңберге орналасқан. Сыртқы жапырақшалар ішкілеріне қарағанда ашыңқы керіліп, иіліп тұрады, ал ішкілері тігінен жоғарыға бағытталған. Осы тұқымдасқа жататын барлық түрлер сияқты аталық мұнда үшеу. Жоғарыдан қарағанда олар байқалмайды .
Сібір құртқашашы әдетте маусымда гүлдейді , жемісі тамыз айында жетіледі. Көбею жолдары - тұқым арқылы және вегетативті түрде .
Өсімдіктің барлық бөлігі халықтық медицинада - бас , тіс , асқазан ауруларына , Сібір жарасын емдеуге қолданылады. XYI ғасырдың аяғында мәдени түрде өсіруге тәжірибе жасалған , бұл түр үздік декоротивті өсімдік ретінде танымал . Оның суыққа төзімділігі мен жылдам көбейетіндігін гүл өсірушілер мен сұрыптаушылар жоғары бағылауда.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.