![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0f/Question_of_Critical_Thinking.jpg/640px-Question_of_Critical_Thinking.jpg&w=640&q=50)
Сыни ойлау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сыни ойлау (кейде Критикалық ойлау, ағылш. Critical thinking) — ойлаудың ерекше бір түрі болып, фактілерді анализдеу арқылы тұжырым қалыптастыру.[1] Бұл ұғым күрделі және әртүрлі анықтамаларға ие, ол негізінен рационалдылықты, скептикалықты, сыңаржақтылықсыз анализдеуді және фактілікік дәлелдерді тексеруді қамтиды. Сыни ойлау дегеніміз өз-өзін басқаратын, өз-өзін тәрбиелейтін, өз-өзін бақылайтын және өз-өзін түзететін ойлау формасы.[2] Оның алғышарты сананы кемелдендірудің қатаң стандарттарына келісу және оларды сергек қолдану болмақ. Сыни ойлау тиімді қарым-қатынас жасау мен проблемаларды шешу қабілеттерін меңгеруді талап етеді, сондай-ақ болмысымыздағы табиғи эгоцентризмді[3][4] және социоцентризмді жеңуді міндеттейді.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0f/Question_of_Critical_Thinking.jpg/640px-Question_of_Critical_Thinking.jpg)