Суқұюшы немесе Суқұйғыш (лат. Aguarіus) – зодиак шоқжұлдызы.

Quick Facts Қысқартылуы, Символы ...
Суқұйғыш
лат. Aquarius (і. с. Aquarii)
Thumb
Қысқартылуы

Aqr

Символы

Су тасушы

Тура көтерілуі

20h 32m бастап  23h 50m дейін

Еңістігі

−25° 30' бастап  +2° 45' дейін

Ауданы

980 кв. градус
(10 орын)

Ендіктерде көрінуі

+65° бастап  −87° дейін

Ең жарық жұлдыздары
(көрінерлік жұлдыздық шама < 3m)
  • Садальсууд (β Aqr) — 2,9m
  • Садальмелик (α Aqr) — 2,96m
Метеор ағындары
  • Наурыз Акваридтері
  • Эта-Акваридтер
  • Дельта-Акваридтер
  • Иота-Акваридтер
Көршілес шоқжұлдыздар
Close

Күніміз бұл Суқұюшы шоқжұлдызы тұсынан ақпан айында өтеді. Ондағы жұлдыздың бесеуі жарықтау. Егер оларды, бір-бірімен ойша сызықпен қоссақ, онда суы жерге төгіліп жатқан құмыраны көзге елестетеміз. Айсыз ашық түнде жай қырағы көзге одан 90-ға жуық жұлдыз шалынады. Шоқжұлдыз жаңбырлы күз айында жақсы көрінетіндіктен Суқұюшы деп аталады. Суқұюшыдағы R деп белгіленген жұлдыздың табиғаты қызық. Ол ұзақ мерзімдік айнымалы жұлдыздар типіне жатады. Оның жарық сәулесі 5,8 жұлдыздық шамадан 11,5 жұлдыздық шамаға дейін әлсірейді. Бұл құбылу 386,92 күнге созылады. Шоқжұлдызда ең үлкен және бізге ең жақын планетарлық тұмандық бар, ғалымдар оны “Ұлу” деп те атайды. Планетарлық тұмандықтың жұлдыздық шамасы 6,5. Дүрбі арқылы жақсы көрінеді. Оған дейінгі қашықтық 600 жарық жылына тең. Суқұюшыда ета-Акваридтер, Оңтүстік дельта-Акваридтер, Солтүстік йота-Акваридтер делінетін ақпа жұлдыздардың радианттары бар. Төңірегі Кит, Оңтүстікте Балықтар, Ешкімүйіз, Бүркіт, Кіші Ат, Пегас және басқа шоқжұлдыздармен қоршалған.[1][2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.