From Wikipedia, the free encyclopedia
Содырғы (лат. Prunella) — торғайтәрізділер отрядына жататын әнші құстар туысы. Еуразияны мекендейтін 13 түрі бар. Қазақстанда Тянь-Шаньда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Алтайдың тау беткейлері мен Жайық өзенінің жағалаулары мен Маңғыстау өңірінде кездесетін 6 түрі: сұржон содырғы (Рrunella collarіs), қаратұмсық содырғы (Prunella hіmalayana), боз содырғы (Prunella fulvescens), Сібір содырғысы (Prunella montanella), қаратамақ содырғы (Prunella atrogularіs) және орман содырғысы (Prunella modularіs) бар. Бұлардың денесінің ұзындығы 12 — 18 см. Тұмсығы жіңішке, түзу, бүйірінен иілген. Содырғылар сайрағанда дауыстары құбылып шығады. Ұясын жерге, жартастарға, ағаш пен бұталардың арасына салады. Онда 2 — 7 жұмыртқа болады. Негізінен ұсақ жәндіктермен, қыста өсімдіктің жемісімен және тұқымымен қоректенеді.[1]
Содырғылар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Орман содырғысы (Prunella modularis)
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.