Симуляциялы шындық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Симуляциялы шындық (СШ, кейде Еліктенді шындық,, ағылш. Simulated reality, SR) — шындықты оның шынайы шындығынан айнымастай етіп симулияциалап, еліктенді шындық жаратуға болады дейтін гипотеза. Мысалы, кванттық компьютер Симуляциясы (Simulation). Ол симуляция ішінде өмір сүретінін аңғарған/аңғармаған саналы зердені де қамтиды. СШ шынайы шындыққа салыстырмалы Виртуалды шындық тұжырымдамасынан айтарлықтай ерекшеленеді. Симуляциялы шындық шынайы шындықтан толық ажырап қалмайды. Бұл тақырып аясындағы пікірталастар философиялық дискурстан бастап есептеудің практикалық қолданбаларына дейін қызу жалғасуда. Мұнда мынадай актуалды сауалдар бар:
- Біз Симуляциялы шындықтамыз деп айта аламыз ба?
- Симуляциялы шындық пен "шынайы" шындық арасында түп айырмашылық қандай?
- Біз Симуляциялы шындықта екенімізді білсек, не істейміз?