Септуагинта
From Wikipedia, the free encyclopedia
Септуагинта — көне еврей тіліндегі Киелі кітаптың койне грек тіліне аудармасының атауы. Ол кейде қысқартылып «LXX» деп аталады. Бұл аударма бөлім-бөлім болып б.з.д. 3-1-ші ғасырларда Алексндрия қаласында жасалған.[1] Септуагинтаға Еврей Киелі кітабына кірмейтін кейбір басқа да жазбалар кіреді.
Септуагинта — Еврей Киелі кітабының еврей тілінен Ескендір Зұлқарнайынның (б.з.д. 356-323 жж.) заманынан бері Жерорта теңізінің шығыс бөлігінің ортақ тіліне айналған грек тіліне жасалған бірнеше аудармаларының ең ежелгісі. «Септуагинта» сөзінің мағынасы «жетпіс»[2] деген сөзді білдіреді, олай аталу себебі, аңыз бойынша, осы еврейшеден грекшеге аударманы ІІ-ші Птолемей Филадельфостың кезінде (б.з.д. 285–246 жж.) жетпіс еврей ғалымы жасаған.[3][4]
Көптеген протестант Киелі кітаптарында яһуди Киелі кітабының үлгісімен Септуагинтадағы қосымша кітаптар шығарылып тасталған. Рим католик Киелі кітаптарында солардың кейбіреулері сақталып қалған, ал Шығыс ортодокс шіркеуі Септуагинтадағы жазбадардың бәрін қабылдайды.
Септугинта көне замандарда өте жоғары бағаланған, Филон мен Йосефус Септугинта аударылғанда, оның аудармашыларын Құдайдың өзі жетелеп отырған деген пікір ұстанған.[4] Көне латын аудармасымен бірге Септуагинта Киелі кітаптың көне славян тілі, сүрияни тілі (бірақ Пешиттаның емес), көне армян тілі, көне гүржі тілі және копт тіліндегі аудармалардың негізі болып табылады.[5] Септугинтаның (LXX) мәсіхшілер үшін де маңызы зор, себебі Жаңа келісімде және елшілік әкелердің шығармаларында содан көптеген үзінділер келтіріледі. Яһудилер 2-ші ғасырдан бері Септугинтаны қолдануды мүлдем тоқтатқан болса да, қазіргі кезде ғалымдар тарапынан оған деген қызығушылық біршама жандануда. Өлі теңіз кітаптарының кейбіреулері масореттік мәтіннен басқа мәтінге негізделгенін көрсетеді. Көп жағдайда осы жаңадан табылған еврейше мәтіндер Септуагинтаға көбірек ұқсас болып отырады. LXX-тың сақталып отырған ең көне қолжазбалары (Ватикан және Синай кодекстері) 4-ға жатады.[4]