From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарысу – Телікөл алабындағы өзен.
Сарысу | |
---|---|
Сарысу өзені | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 800 км |
Су алабының ауданы |
81 600 км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Жақсы Сарысу, Нарбақ, Шотан өзендерінің қосылуынан |
• Координаттары | 48°47′38″ с. е. 72°01′57″ ш. б.48.79389° с. е. 72.03250° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Телікөл |
• Координаттары | 45°10′20″ с. е. 66°44′02″ ш. б.45.17222° с. е. 66.73389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы, Қызылорда облысы |
Қарағанды, Қызылорда облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 800 км. Су жиналатын алабы 81,6 — 99,1 мың км².
Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу өзені қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды.
Қуаң жылдары Телікөл-Ащыкөл ойысына жетпей құмға сіңіп кетеді. Салалары: Жаман Сарысу, Жақсы Сарысу, Атасу, Талдысай, Құрманақа, Талдыманақа, Құмдыеспе, Қаракеңгір. Сарысудың орташа жылдық су ағымы 7,5 м3/с, сағасында 0,10 м3/с. Ағысының жылдамдылығы 0,6 — 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, сондықтан да жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір — мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы онкүндігінде қатты тасиды. Суы бастауында тұщы, орта және төм. ағыстарында тұздылау келеді. Өзен желтоқсанда қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені бастауында 15 — 20 м, орта бөлігінде 40 — 60 м, саға жағында 150 — 200 м-ге дейін кеңейеді; бас жағында тар болып келетін аңғары төм. ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды-малтатасты шөгінді жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл қоңыр топырақта жусанды-бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан, сағалық бөлігінде шөлдік ландшафт басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі Телікөл каналы арқылы Сарысу сағасына қосылады.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.