From Wikipedia, the free encyclopedia
Құрманақа – Сарысу алабындағы өзен.
Құрманақа өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 65 км |
Су алабы | Сарысу өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Ортаудың батыс беткейіндегі бұлақтар |
• Координаттары | 48°17′26″ с. е. 72°17′35″ ш. б.48.29056° с. е. 72.29306° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Жаман Сарысу өзені |
• Координаттары | 48°39′35″ с. е. 71°41′13″ ш. б.48.65972° с. е. 71.68694° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы, Ұлытау облысы |
Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағады.
Ортаудың батыс беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзілген, Жаңаарқа кентіне таяу жерде Жаман Сарысу өзеніне құяды.
Ұзындығы 65 км. Жағасы жайдақ, арнасы біршама ирелең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, шілдеде төменгі деңгей орнайды. Жаздың ыстық айларында жекеленген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен суы ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады, аңғарында жайылымдық және шабындық жерлер, қыстаулар бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.