From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарысағақ шүрілдек (лат. Charadrius asiaticus) — татреңтәрізділер отрядының Татрең тұқымдасының Шүрілдектер туысының құсы, нағыз шөл балықшысы. Сарысағақ шүрілдек дене мөлшері және реңі бойынша жуантұмсық шүрілдекке ұқсас. Жоны - сұрғылттау қызыл қошқыл, бауыры -- шашқандай ақ. Сарысағақ шүрілдек (оны каспийлік шүрілдек деп те атайды) аталығының көз айналасында қара теңбіл болмайды, ал қызылсары жолақ жуантұмсық шүрілдектікіне қарағанда әлдеқайда жалпақ. Жолақ тек қана жемсауды емес, төстің алдыңғы бөлігін де алып жатады және сыртынан жіңішке қара жолақ көмкереді. Тұмсығы жуантұмсық шүрілдектің тұмсығынан екі есе жіңішке, ал аяғы - ұзындау. Жуантұмсық шүрілдекке қарағанда біршама солтүстіктегі шөлде: Ставропольдің ортаңғы жазықтарынан Зайсанға дейін, оңтүстікте - Ауғанстанға дейін қоныстанады. Қазақстанда шөл, шөлейт және құрғақ далаларда өмір сүреді. Жеке-жеке жұп түзіп, орын тебеді. Ұядағы үш жұмыртқаны ата-енелері кезектесіп басады. Балапандар ұялық шұңқырда екі күннен артық болмайды, бұдан соң ата-енелерімен бірге көшпенділік жасайды. Қанатынан көтерілген жас балапандар ересек құстармен бірге үлкен үйірге жиналады да, алма-кезек құстардың екі түрі шөлдік сіуқоймаларға ұдайы қатысады. Қазақстанда наурыздан қыркүйек бойы кездеседі. Алайда соңғы онжылдықта бұл түрдің саны кеміп барады[2].
Сарысағақ шүрілдек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Charadrius asiaticus (Pallas, 1773) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.