From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарепт қышасы (лат. Brassica juncea) - орамжапырақ тұқымдасы, қырыққабат туысына жататын, бір жылдық шөп тектес өсімдік.
Сарепт қышасы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Brassica juncea |
Егінжай, бау-бақшаларда өсетін арамшөп. Табиғи түрі Сібірде және Орта Азияда , Моңғолияда, Солтүстік Қытайда кездеседі. Индияда, Қытайда, Кіші Азияда, Солтүстік Африкада және Еуропаның кейбір жерлерінде мәдени өсімдік ретінде өсіріледі.
Құрамында синигрин деген гликозид және мирозин деген фермент бар. Су тисе осы фермент синигрин гликозидімен химиялық реакцияға түседі де, эфир майларын бөліп шығарады. Эфир майлары - өте улы, сондықтан таза күйінде пайдаланылмайды. Өсімдік тұқымының әбден қурап кеткен кезінде иісі болмайды, бірақ жылы суға салып жібіте бастаса, иісі бұрқырап шыға келеді. Әуелгі кезде дәндерінің дәмі жоқ сияқты көрінгенімен, артынша дәндерінде өткір, тілді ойып жіберетіндей дәм пайда болады.
Дәрілік мақсат үшін қышаның тұқымы пайдаланылады. Жасалған дәрілер тамаққа тәбет арттырып, асқазан сөлдерінің бөлінуін көбейтеді де, ас қорыту жұмыстарын жақсартады. Қыша тұқымының 200 грамын алып, жылы суға бұлау жасау үшін де пайдалануға болады. Мұндай бұлаулар қан айналысын жақсартады, қақырықтың бөлінуін күшейтеді. Кейде ваннадағы суға аяқты ғана батырып отырады. Бұл ем көбінесе жоғарғы тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда өте жақсы нәтиже береді.
Кейбір жағдайларда қолда дайын қыша болмай қалса, қыша тұқымын ұнтақтап, суға езіп қоймалжың етіп алады да, қалың қағазға жағып кептіреді. Осылайша үй жағдайында жасаған қышаны өкпе қабынғанда арқаға, қан қысымы кенет көтерілгенде жүрек тұсына, желкеге жапсырады. Тек оны алдын ала жылы суға малып алу керек.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.