Санация (лат. sanatіo — емдеу, сауықтыру), сауықтырма — фирманың (компанияның, банктің, кәсіпорынның) ықтимал банкроттығын болдырмау мақсатымен несиелендіру, қайта құру, әр тараптандыру, т.б. шаралар арқылы жүзеге асырылатын қаржы-шаруашылық кешені. Мұнда фирманың істерін басқару жөніндегі міндеттер мемлекеттік органға немесе дәрменсіздік туралы істер жөніндегі уәкілдерден құралатын несиегерлер кеңесіне (соттың шешімімен) табысталады. Санация рәсімін қолдану фирманың экон. организм ретінде аман қалуын бүтіндей немесе ішінара қамтамасыз ету, борышқорлар мен несиегерлер арасында бітімгерлік мәмілесін жасасу, таратылған кезде оның активтерінің жақсы өткізілуіне қол жеткізу міндеттерін шешуге нақты мүмкіндіктер туғызады.[1] Санация рәсімін жүзеге асыру әдістеріне ұйымдастыру шаралары (фирманың әкімшілік аппаратын өзгерту, тиімсіз бөлімшелерді жою немесе қысқарту), қаржы шаралары (жаңа капитал тарту, сондай-ақ керексіз капиталдан бас тарту) жатады. Қаржы шараларында ақша капиталын жұмылдыру үшін жаңа акциялар мен облигациялар шығару, банк несиелерін көбейту және бюджеттен жәрдем қаражат беру, акциялар (облигациялар, депозиттер) бойынша дивидендті (пайызды) азайту, оның өтелу (төлену) мерзімін ұзарту, қысқа мерзімді берешекті ұзақ мерзімді берешекке көшіру қарастырылады. Қазіргі тәжірибеде корпоративтік ұйымдастыру — компанияның заңды тұлға ретінде өмір сүруін ресімді түрде тоқтатып, оның негізінде жаңа заңды тұлға құру рәсімі көбірек орын алып келеді. Заңнамалық актілерде нақты несиегердің мүдделерін міндетті түрде қанағаттандыра отырып, компанияны бүтіндей немесе оның қайсыбір бөлігін қалпына келтіру тәсілдері мен шарттары қарастырылады.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.