From Wikipedia, the free encyclopedia
Салах ад-Дин Юсуф ибн Аюб (ағылш. Ṣalāḥ ad-Dīn Yūsuf ibn Ayyūb; Күрдше: سەلاحەدین ئەیوبی; араб.: صلاح الدين يوسف بن أيوب ; c. 1137 - 4 Наурыз, 1193) – Мысыр мен Сирия (1171-93) Сұлтаны болған күрд мұсылманы. Үшінші крест жорығына қарсы мұсылмандарды басқарған. Билігінің шарықтау кезінде өзі негізін қалаған Аюбид династиясы Мысыр, Сирия, Ирак, Хиджаз және Йеменді билеген. Ол крест ұстаушыларға мұсылмандар қарсылығын бастап, ақырында Иерусалим крест ұстаушылар патшалығы құрсауынан Палестина бөлігін босатады. Сол себептен де, ол Араб әлемінде, Мұсылмандар, Күрдтер үшін де танымал ірі тұлға. Салах ад-Дин қатаң түрде Суни Исламды ұстанған. Ол ешқашан жеңілген жауларын жәбірлеп, өлтіріп немесе қинаған емес,[1][2] Хаттин соғысынан кейінгі кейбір оқиғаларды ескермегенде. Оның жалпы батырлық, сонымен қатар мейірбандық (chivalrous) қасиеттері Християндық тарихшылар да, әсіресе Моабтағы Керакты қоршауға алғанда, атап көрсетеді.
Салах ад-Дин ағылш. Ṣalāḥ ad-Dīn Yūsuf ibn Ayyūb | ||
---|---|---|
Мысыр және Сирия сұлтаны | ||
Дамаскідегі Салах ад-Дин ескерткіші | ||
Билік жылдары | 1174–1193 | |
Таққа көтерілуі | 1174, Каир | |
Толық аты | Ṣalāḥ ad-Dīn Yūsuf ibn Ayyūb | |
Дүниеге келді | c. 1137–1138 Tikrit, Abbasid Caliphate | |
Қайтыс болды | Наурыздың 4 1193 CE (aged 55-56) Дамаск, Сирия | |
Жерленгенді | Umayyad Mosque, Дамаск, Сирия | |
Ізашары | Nur ad-Din | |
Ізбасары | Al-ˤAzīz ˤUthmān | |
Әкесі | Najm ad-Dīn Ayyūb |
Салах әд-Дин Айюб әулетінің негізін қалаушы. Сирия сұлтанының Нұр әд-диннің әскер басыларының бірі - Айюб ибн Шадидың баласы. 1164, 1167, 1168 ж. Нұр әд-Диннің әскері қатарында Мысырды бағындырды және крест жорықтарына қарсы күресті. 1169 ж. Мысырдағы халифтің уәзірі болып тағайындалды. 1171 ж. Фатима әулетінен шыққан соңғы халиф Адид өлгеннен кейін, Египеттегі өкімет билігін басып алып, өзін сұлтан деп жариялады. 1174 ж. Нұр әд-Дин өлгеннен кейін, оның Сириядағы иеліктерін және оған шектес Ирак билеушілерінің ұсақ иеліктерін өзіне бағындырды. 1187 ж. С .әд-Д бастаған біріккен мұсылман әскерлері Хиттин түбінде кресшілерді талқандап, Иерусалимді алды.1189 жылдың қарсаңында Сирия мен Палестина кресшілерден толық азат етілді. С. Әд-Д. 3-крест жорықтары кезінде (1189-92) мұсылмандар әскерін басқарды. Ол кресшілерді күйрете талқандаған алғашқы мұсылман қолбасшысы болды. Осыдан кейін кресшілер Таяу Шығыстағы иеліктерінен біртіңдеп айырыла бастады. С.әд-Д-нің ішкі саясаты Мысырдағы жер иеліктерді бөліп беруге, медреселер салуға, алым-салықты азайтуға бағытталды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.