From Wikipedia, the free encyclopedia
Саид ибн Әмир (араб.: سعيد بن عامر الجمحي) — Пайғамбар Мұхаммед (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) берік серіктестерінің бірі болған, әділетті Омар халифаттығы уақытысында Хомс қазір Сирияның басшысы болды.
Саид ибн Амир | |
سعيد بن عامر الجمحي |
Сағид ибн Амир Алла Тағаланы және Оның Елшісін с.а.у. барлық нәрседен жоғары қойған сахаба еді.
Хубәйб ибн Адый деген сахабаны мүшріктер қинап өлтіргенде Тәнғим деген жерде қинап өлтіргенде Саъид ибн Амир жас жігіт еді. Олар мүслә (денесінің әр жерінен ет кесіп алып) қылып өлтірді. Сонда Хубәйб «ия Аллам бұлардың ешбірін қалдырмай жазалай көр» деп дұға жасады. Бұл оқиға Саъидтің есінен бір сәт те шықпай қойды. Ұйықтаса түсіне кіріп, ояу жүрсе Хубәйбтің дауысы құлағынан кетпеді. Ақырында ол «мен Құрайыштың мына істерінен аулақпын, мен Исламды қабылдаймын» деп Құрайыштардың қақ ортасында тұрып иман келтірді.
Исламға кірген бойда хижрәт жасап, Хайбар соғысына қатысты және осыдан кейінгі соғыстардың барлығына қатысты.
Пайғамбарымыз с.а.у. қайтыс болған соң Саъид Хазіреті Әбу Бәкір р.а. мен Хазіреті Омардың р.а.суырылған қылышы болды. Олар Саъидтің шыншылдығын және тақуалығын жақсы білді. Бірде Хазіреті Омар халифа халифа болғанда «адамдардың хақында Алладан қорыққын, Алланың хақында адамдардан қорықпағын» деп кеңес берді. Хазіреті Омар Саъидті Һимс қаласына әкім қылып жібергенде Саъид «мен мұндай бүліктен аулақ қылшы» деп сұрады. Сонда Омар ашуланып қайткен күнде де баруын әмір етті. Саъид Һимске әкім болуға кетті және ол қызметі үшін жалақы алудан бас тартты. Біраз уақыт өткен соң Һимстан келген адамдардан Омар Һимстегі кедейлердің тізімін берулерін сұрады (көмектесу мақсатымен). Тізімнің арасында қала әкімі Саъид ибн Әмир де бар еді. Омар сол адамдардан Саъидке 1000 жинар беріп жіберді. Бірақ Саъид «үйіме бүлік келді» деп, 1000 динардың барлығын мұқтаж адамдарға таратып жіберді (өзі де мұқтаж еді). Ұзақ уақыт өтпей Хазіреті Омар халықтың ахуалын білу үшін Шам өлкесіне, Һимс қаласына келді. Һимстің халқы жалпы шағымшыл халық еді. Олар Саъид ибн Әмирдің үстінен 4 түрлі шағым жасады: 1) Жұмысқа күн көтерілген соң ғана келеді; 2) Ол түнде барсақ жауап бермейді; 3) Ол айына бір күн жұмысқа шықпай қалады; 4) Ол кей кездерде ештеңені байқамай, ешкімді көрмей, ешкімге жауап бермей есінен танып отырып қалады, - деп. Сонда Саъид ибн Амир: - 1)Менің отбасымда бір қызметшім жоқ, кұнде таңертең ертемен қамыр ашытып, оны көтерілгенше күтіп отырамын да, соны пісіріп, отбасыма беріп кетемін; 2) Күндізімді халыққа арнаймын, ал түнімді Аллаға арнаймын, ғибадатта тұрғанда қалай шығайын; 3) Менің мына үстімдегі киімімнен өзге киімім жоқ, осыны айына бір рет жуып, кептіріп, кепкенше жұмысқа шықпаушы едім; 4) Баяғыда мүшрік кезімде Хубәйб ибн Адыйдың өлтірілгенін көріп тұрып көмектеспегенім үшін Алланың жазасына ұшыраймын ба деп қорыққанымна есімнен танып қаламын деп жауап берген екен.
Кейін тағы бірде Омар беріп жіберген 1000 динарды осыны енді мұқтаж нәрселерімізге пайдаланайық деген әйеліне Саъид «біздің бұл нәрседен де мұқтажырақ нәрсеміз бар ғой, соған пайдалансақ қайтеді» деді. Әйелі «ол қандай мұқтаждық» дегенде Саъид «Алланың разылығы ғой, біз Аллаға көркем қарыз (садақа) беріп, сол Алланың разылығын табайық» деп, ол ақшаны тағы да кедей, жетім-жесірлерге таратып жіберді. Осындай көптеген істерімен Сағид ибн Әмир әл-Жумахи әкім дегеннің қандай болу керек екенін өте бір көркем үлгіде көрсетіп кетті.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.