From Wikipedia, the free encyclopedia
Рузаев ауданы — 1928-1997 жж. болған Петропавл округі, Қазақ АКСР, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының құрамындағы Қазақстанның солтүстігіндегі әкімшілік бірлік.
Аудан | |
Рузаев ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді |
Петропавл округі, Қазақ АКСР, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау облысы |
Енеді |
11 а/к (1986) |
Әкімшілік орталығы |
Рузаевка ауылы |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Таратылған уақыты | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
15 062 адам (2009) |
Рузаев ауданы КСРО БОАК Президиумының 1928 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес Қазақ АКСР Петропавл округінің құрамында құрылды. 1930 жылы 17 қазанда округтардың жойылуына байланысты республикалық орталық - Алматыға бағынышты болды.
1932 жылы 10 наурызда Рузаев ауданы жаңадан құрылған Қарағанды облысының құрамына енді.
1936 жылы 29 шілдеде КСРО Орталық Атқару Комитеті Президиумының Жарлығымен аудан жаңадан құрылған Қазақ АКСР (1936 ж. 5 желтоқсаннан бастап - Қазақ КСР) Солтүстік Қазақстан облысына берілді.
1944 жылы 16 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығына сәйкес Қазақ КСР (1991 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы) жаңадан құрылған Көкшетау облысына берілді.
1955 жылы 22 қазанда Рузаев ауданы аумағының бір бөлігі жаңадан құрылған Қазан және Чистопол аудандарына берілді[1]
1954 жылы Червонный ауылдық кеңесі құрылды. Ефимов ауылдық кеңесі Есіл, Жаңаауыл ауылдық кеңесі Сталин, Ерназар ауылдық кеңесі Каганович ауылдық кеңесіне қосылды.
1956 жылы Боровской ауылдық кеңесі құрылды.
1957 жылы Мичурин, Алғабас, Бірлік ауылдық кеңестері құрылды. Молотов ауылдық кеңесі Нежин, Каганович ауылдық кеңесі Уәлиханов болып өзгертілді.
1960 жылы Володар, Дружба, Ишим, Урожайный ауылдық кеңестері құрылды. Сталин ауылдық кеңесі Боровской ауылдық кеңесіне қосылды.
1961 жылы Алғабас ауылдық кеңесі Привольный болып өзгертілді.
1963 жылы Ашанино ауылына жұмысшы кенті мәртебесі беріліп, атауы Трудовой болып өзгертілді. Ленин, Мичурин ауылдық кеңестері Тимирязев ауданына берілді.
1964 жылы Приишим ауылдық кеңесі Чистопол ауданына беріліп, Володар ауданынан Андреев, Новосель ауылдық кеңестері қосылды.
1969 жылы Куйбышев ауданы құрылып, оған 9 ауылдық кеңес пен Трудовой кенті берілді.
1971 жылы Шұңқыркөл, 1972 жылы Возвышен ауылдық кеңестері құрылды.
1986 жылы аудан құрамына 11 ауылдық кеңес кірген: Андреев, Бірлік, Боровской, Уәлиханов, Возвышен, Калинов, Новосель, Привольный, Раисов, Рузаев, Шұқыркөл.[2]
1997 жылы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Рузаев ауданы таратылды, оның аумағы Көкшетау облысының Целинный ауданының құрамына кірді, ал 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау облысының бүкіл аумағы, оның ішінде Целинный ауданы, Солтүстік Қазақстан облысына қосылды. 2002 жылы 11 маусымда Целинный ауданы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан болып өзгертілді.
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[3] |
---|---|---|---|---|
20726 | ▲34668 | ▼25236 | ▼24421 | ▼22827 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.