Роберт Седракович Кочарян
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кочарян Роберт Седракович (31.8.1954 жылы туған, Степанакерт қаласы) – саяси қайраткер, Армян республикасының президенті.
Ереван политехникалық институтының электотехникалық факультетін бітірген (1982). Әзірбайжан КСР-і құрамында болған Таулы Қарабах автономиялы облысының комсомол және партия ұйымдарында әр түрлі қызметтер атқарды. 1989 – 90 ж. Армения Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланып, 1991 ж. Таулы Қарабах өлкесін Арменияға қосу жөніндегі Арцах қозғалысының саяси көсемдерінің бірі болды. “Крунк” комитетінің мүшесі болып, ол тарағаннан кейін “Миацум” ұйымын құрып, соны басқарды. 1992 ж. тамызда Әзірбайжан әскері өлкенің жартысын басып алғанда Кочарян заңсыз құрылған Таулы Қарабах республикасының (ТҚР) мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы және премьер-министрі қызметін атқарды. 1994 ж. 24 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау нәтижесіне сай ТҚР Жоғары Кеңесінің қаулысымен Кочарян ТҚР-дың президенті болып сайланды. 1997 ж. 20 наурызда Кочарян Армения республикасының премьер-министрі болып тағайындалды. 1998 ж. 30 наурызда кезектен тыс президенттік сайлауда Кочарян Армения республикасының президенті болып сайланды. 2003 ж. 5 наурызда Кочарян президенттікке қайта сайланды.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Robert Kocharyan |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.