From Wikipedia, the free encyclopedia
Сезімтал жүйке ұштары (рецепторы); (receptores, лат. receptos — қабылдағыш) — сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары.
Сезімтал жүйке ұштары организмнің сезім мүшелерінде орналасады. Денедегі орналасу орындарына байланысты сезімтал жүйке ұштары экстерорецепторлар (көру, есту, дәм, иіс, тері сезімдері), интерорецепторлар (ішкі мүшелерде, қан және лимфа тамырларында) және проприорецепторлар (тірек-қимыл мүшелерінде) болып бөлінеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына байланыста механорецепторлар, барорецепторлар, хеморецепторлар, терморецепторлар, фоторецепторлар болады. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты сезімтал жүйке ұштары: бос және қапталған сезгіш жүйке ұштарына бөлінеді.
Бұлар көбінесе эпителий және дәнекер ұлпаларында болады. Қапталған сезімтал жүйке ұштарын сыртынан нейроглия және дәнекер ұлпасының тақташылары қаптап жатады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.