From Wikipedia, the free encyclopedia
Резонатор (лат. resono — жауап қайтарамын, үн қосамын) — резонанстық қасиеті айқын байқалатын тербелмелі жүйе; белгілі бір жиіліктегі сыртқы күштердің әсері кезінде максималь амплитудалы тербеліс жасауға қабілетті тербелмелі жүйе.[1] Бұл резонаторды алғаш рет екі жазық параллел айна түрінде жасауды 1958 ж. орыс физигі Александр Прохоров (1916 – 2002) және сол ж. американ физиктері Роберт Дикке (1916 – ?), Артур Шавлов(1921 – ?) және Чарльз Таунс (1915 – ?) ұсынған.
Сыртқы гармониялық (синусоидалық) әсерлер жиілігі Резонатордың меншікті жиілігіне сәйкес келгенде резонанс пайда болады. Синусоидалық емес күрделі әсерлердің ықпалымен Резонатор күрделі тербелістер жасайды. Бірақ оның спектрінде меншікті тербеліс жиіліктеріне жақын келетін жиіліктердің тербелістері ерекше ажыратылады. Резонаторға тербелмелі контур, көлемдік, оптик., ашық, акустик. Резонатор мысал бола алады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.