From Wikipedia, the free encyclopedia
Ракушечное (Бақалтасты) газ конденсат кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымының (Песчаномыс-Ракушечное) - Бақалтасты антиклин блогындағы газ конденсат кен орны. Маңғыстау облысында, 1973 жылы ашылған.
Бақалтасты газ конденсат кен орны | |
42°50′55″ с. е. 51°54′10″ ш. б.42.84853° с. е. 51.90285° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Өнімі | мұнай, газ |
Ашылған уақыты | 1973 жыл |
Өндіре бастады | 1981 жыл |
Жер қойнауын пайдаланушы | Caspi Oil Gas/Sumatec Resources |
Кен орнынды сыйыстушы құрылым өнімді ортаңғы горизонттың беті бойынша өлшемдері 5,5x4 км амплитудасы 30 м келген күмбез тәрізді көтерілім. Триас шөгінділерінде құрылым тектоникалық бұзылыстар арқылы күрделіленіп, Солтүстік және Солтүстік Ракушечное (Бақалтасты) блоктарына бөлінген. Тереңдеген сайын құрылымның амплитудасы күрт өседі. Солтүстік Ракушечное (Бақалтасты) блогында екі жатыны (А және Б), Солтүстік блогында бір жатыны (А) бар триастың оленек жікқабаты мен ортаңғы юраның байос жікқабаты шөгінділерінің(Ю-Х горизонтының жатыны) өнімділігі анықталды. Қанығу сипатына қарай триас таужыныстарындағы жатындар газконденсатты, ортаңғы юранікі газды.
Қор қоймасының типіне қарай жатындар Солтүстік Ракушечное (Бақалтасты) блогында қойнауқаттық күмбездік, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, Солтүстік блокта қойнауқаттық күмбездік. Кеуекті доломиттерден және жарықшақты әктастардан құралған оленек жікқабатының өнімді шөгінділерінде кеуектілігі 14%, өтімділігі 0,007 мкм2 кеуекті-жарықшақты және жарықшақты жинауыштар белінеді. Жатындардың биіктігі 153-157 м. Солтүстік Ракушечное (Бақалтасты) блогындағы А жатынының өнімді қалыңдығы 7,5 м-ді, газға қаныққан қалыңдығы 7,2 м-ді, ал Солтүстік блокта, тиісінше, 5,0 және 3,4 м-ді құрайды. Газға қанығу дәрежесі 67% Б жатыны үшін газға қаныққан қалыңдық 20,2 м, газға қанығу дәрежесі 85%. Юра горизонтының жатыны үшін кеуектілігі 14%, өтімділігі 0,015 мкм2 құмтастан құралған жинауыштар тән. Жатынның биіктігі 21 м. Тиімді қалыңдығы 9,8 м, газға қаныққан қалыңдығы 4,4 м. Солтүстік Ракушечное (Бақалтасты) блогының А және Б жатындарындағы бастапқы қойнауқаттық қысым 40 МПа, температура 156°С. Солтүстік блоктың А жатынында, тиісінше, 43,2 МПа және 163°С. Блоктардағы газ бен конденсаттың шығымдары, тиісінше, 17 мың-92 мың м3/тәу-ке және 60 мың -205 мың м3/тәу-ке дейін өзгереді. Тығыздығы 798 кг/м3 конденсаттағы парафин мөлшері 22,8%-ға жетеді.
Триас жатындарының еркін газ құрамы жағынан ауыр, этанұстаушы. Газ құрамында 68,1-71,5% этан, 24-30% ауыр көмірсутектер, 2% азот, 0,6-0,8% көмірқышқыл газы бар. Конденсаттың мөлшері 786 г/м3-ге жетеді.
Юра горизонтының газы 81,25% метаннан, 16% ауыр көмірсутектерден, 2,7% азоттан тұрады. Бастапқы қойнауқаттық қысым 29,7 МПа, температура 127°С. Газдың шығымы 46,4 мың м3/тәу, тұрақты қойнауқаттық суларының тығыздығы 1034 кг/м3, минералдылығы 56,6 г/л, құрамында йод, бром, бор бар. Ю-Х горизонты суларының айрықша ерекшелігі болып жоғарғы минералдылығы мен бромның кондициялық (өнеркәсіптік) мөлшері (595,6 мг/л) саналады. А және Б жатындарының режимі серпінді газ-суарынды. Кен орны 1981 жылдан бері игерілуде.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.