From Wikipedia, the free encyclopedia
Антиклиналь, антиклинальдық қатпар— тау жынысы қабаттарының жоғары қарай доғалана қатпарлануы. Антиклинальдің орта шенінде ескі, ал қанаттарында кейінгі жас қабаттар орналасады.
Антиклин (грек, anti — қарсы, klino — еңкейтемін) — шөгінді, эффузиялық немесе метаморфтық таужыныстар бірлестігіне тән қат-қабаттардың өзара астасу пішіні. Жымдасқан қабаттар жиынтығының бірлесе иілуі нәтижесінде антиклиналь қатпарлар дөңес пішіндер түзеді. Қатпар ядросын, яғни оның ішкі өңірін қүрайтын қабаттар сыртқы өңірдегі, яғни қатпар қанаттарындағы таужыныстардан көнелеу болып келеді.[1] Нақтылы қатпардың иілу нүктесі "қатпар құлпы" деп аталады, ал осы қатпар жүйесінің қүлыптары орналасқан нүктелерді жазық бағытта ойша жалғастырған жағдайда пайда болатын шартты сызық "қатпар топсасы" деген атауға ие. Синонимі: антиклиндік қатпар.[2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.