From Wikipedia, the free encyclopedia
Равиль Исламович Вагапов (1 наурыз 1937 жылы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында туған) – техника ғылымдарының докторы (1994 жылы), профессор (1997 жылы). Қазақстан Ауыл шаруашылық ғылыми академиясының академигі (1999 жылы).
Қазақ мемлекеттік ауылы шаруашылық институтын бітірген (1960 жылы). Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер (1960–63 жылдары), Тараз қаласындағыҚазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға және бас инженер (1963–67 жылдары), зертхана меңгерушісі (1969–78 жылдары), институт директорының орынбасары (1978–89 жылдары), одан соң су қорларын басқару зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
«Методы гидравлического расчета водопроводящих трактов и сооружении открытых оросительных систем при бурном режиме течения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Вагаповтың негізгі ғылыми жұмыстары тау бөктеріндегі ағысы қатты суларды зерттеуге, егін суғару жүйесіндегі құрылымдар мен су ағатын арналарды гидравликалық есептеу әдістерін жасауға және экологиялық күрделі аймақтағы су қорларын зерттеуге арналған. Вагапов 112 ғылыми еңбектің авторы.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.