From Wikipedia, the free encyclopedia
Псиломелан — mMnO • MnO 2 • nН2О . Формуласы дұрыс белгіленбеген. Грекше псилос — қасқа , мелас — қара деген сөз («шыны қара бас» десе де болады).
Psilomelane | |
---|---|
A native sample of psilomelane | |
Негізі | |
Санаты | Минерал |
Химиялық формуласы |
The general formula Ba(Mn2+)(Mn4+)8O16(OH)4 or as (Ba,H2O)2Mn5O10 Barium Manganese Oxide Hydroxide |
Ерекшеліктері | |
Молярлық массасы | 590.03 gm |
Түсі | black with gray pyrolusite bands |
Кристал пішіні | Botryoidal, Mammillary, Reniform |
Сингониясы | monoclinic |
Үгітіндісі | none |
Агреттары | conchoidal and uneven |
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы | 5.0 - 6.0 |
Streak | brownish black |
Diaphaneity | Opaque |
Үлес салмағы | 3.7 - 4.7 |
Polish luster | vitreous to subadamantine |
Solubility | in hydrochloric acid |
Басқа сипаттамалары | hard black manganese oxides such as hollandite and romanechite |
Химиялық құрамы тұрақсыз. МnО және МnO2 ара қатыстары әр мелшерде, орта есеппен МnО 2 60—80%, МnО 8—25%, Н2О 4—6% болады. Қоспалары: Ғе2 О3 , Аl2 О 3 , SiО2 , СаО, MgO, ВаО, К2О, Na2 О, СоО тағы басқа. Сирек те болса 1—8% тунгомелен (WО3)кездеседі.
Қаттылығы 4—6, меншікті салмағы 4,4—4,7. Түсі қара, қара сұр. Дағы қызғылт қара; жылтырлығы металл тәрізді. Жымдастығы болмайды. Сингониясы ромбылық; көпшілігі аморфтық .
Кристалдық бейнесі. Әдетте кристалы срітіндіден жиналған іркінді формаларда қабат-қабат зоналы құрылыста немесе жұқа кристалдық агрегаттарда байқалады. Кристалл түрі тек шлифтерде микроскоппен анықталынады. Сонымен қатар оның кристалдары шар тәрізді домалақ түрде де таралған (оолиттер және конкрециялар). Дендрит түрінде құрылғандары да көп кездеседі.
Жаратылысы. Псиломелан ең алдымен экзогендік жағдайларда: марганец руда кендерініц тотықтану зоналарында және шыққан тегі шөгінді кендерде пайда болады. Сонымен қатар оныд гидротермалық генезисі марганец рудаларында шамалы минерал ретінде кездеседі.
Тотықтану зоналарында марганец сулы тотықтары қуыстарда іркіліп жиналған формалар түрінде және тығыз массалар түрінде пайда болады.
Марганецтің шөгінді кендерінде псиломелан тығыз руда қабаттар немесе оолиттер түрінде және қабаттасқан құрылысты, шар тәрізді конкрецияларда кездеседі.
Шығу тегі — гидротермалық рудаларда псиломелан көпшілігінде баритпен және кварцпен бірлесіп минералдардыд акырғы желілері есебінде байқалады.
Табиғи өзгеріске ұшырау әсерінен псиломелан тотықтанады, сусызданады, сөйтіл онан суы аз вернадит, суы жоқ пиролюзит пайда болады.
Псиломелан пиролюзитпен және марганецтің басқа минералдарымен қатар ферромарганецті қорытып алуда қара темір металлургиясына пайдаланылатын басты руда болып табылады.
Марганеці аз рудалар, темір рудаларынан шойын қорытқан кезде шихта есебінде қолданылады.
КСРО-дегі псиломеланы бар марганецтің шөгінді кендері Закавказьедегі Чиатурада (Грузия) және Украинадағы Никопольскіде кездеседі. Орталық Қазақтанның көп кендерінің (Жезді, Қаражал ) марганецқа қапақтарында псиломелан браунитті рудаларының тотықтану және сусыздану жағдайында пайда болады. Марганец кендері қайда болса, псиломелан соның тотығу зонасында кездеседі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.