From Wikipedia, the free encyclopedia
Прага операциясы — Ұлы Отан соғысыдағы кеңес әскерлері жүргізген соңғы стратегиялық операция. Оның барысында немістердің «Ортаңғы» армиялар тобы толығымен және «Оңтүстік» армиялар тобының едәуір бөлігі талқандалды, Чехословакия азат етілді.
Прага операциясы | |||
Негізгі қақтығыс: Екінші дүниежүзілік соғыс Ұлы Отан соғысы | |||
Дата | |||
---|---|---|---|
Орын | |||
Нәтиже |
КСРО жеңісі | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
Тараптар күші | |||
| |||
Шығындар | |||
| |||
Бастапқыда операцияның бастауы 7 мамырға жоспарланған еді, бірақ И.С. Конев оны бір күн бұрын бастау керек деген шешім қабылдады. 1-ші Украин майданының күштері сол күні түстен кейінгі уақытта шабуылға шықты, 2-ші Украин майданы операцияға келесі күні қосылды, сосын 4-ші Украин майданының күштері де тартылды.
Әскерлер тез алға жылжып, 8 мамырға қарай Дрезден, Баутцен, Гёрлиц, Теплице, Зноймо, Яромержице қалаларын босатты.
1945 жылдың 9 мамырында таңғы сағат 4-те Прагаға бірінші болып 3-ші мен 4-ші гвардиялық танк армиялары кірді. Үш фронттың әскерлері қалаға ағып тұрды. Сағат 16-ға қарай қалада орналасқан неміс әскерлері капитуляция жариялауға мәжбүр болды. Фашистердің көбі ұрыс алаңын тастап, батысқа қарай лап берді.
10 мамырда Ческе-Будеёвице мен Хемниц қалалары маңында Қызыл Армия мен АҚШ әскерлері кездесіп құшақтасты. Осы күні «Ортаңғы» армиялар тобына қарасты 80 мыңнан астам неміс әскері тұтқынға түсті.
11 мамыр операцияның ресми аяқталған күні болды. Алайда одан кейін де Чехия жерінде бірнеше күн әскери әрекеттер өткізілді.
Қызыл Армия мен оның одақтастарының 11 997 адамы қайтыс болды, 40 501 адам жараланды немесе сырқаттанды. 373 танк пен ӨЖАҚ, 80 ұшақ қиратылды.
Немістердің 1 822 танк пен артиллериялық қондырғысы, 1 104 ұшағы жойылды. 860 мың адам тұтқындалды, оның ішінде 60 генерал.
Прага көтерілісі кезінде 3500 тұрғын және көтерілісші қайтыс болды.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.