From Wikipedia, the free encyclopedia
Позиция (лат. posіtіo — орны, жағдайы, орналасқан жері) —
Позиция — ұрыс қимылдарын жүргізу үшін әскерлер (күштер) орналастырылған немесе орналасулары белгіленген жергілікті жердегі алқап, акватория. Құрлық әскерлерінде позиция қорғаныс, анду-күту позициялары, бастапқы позициялар, атыс позициялары, мәрелік позициялар, техникалық позициялар, әскери-теңіз флотында — дүркінді атыс позициялары, мина-артиллериялық позициялар, теңіз қорғанысы позициялары, кемелердің атыс позициялары және т. б. болып бөлінеді.
Қорғаныс позициялары мотоатқыштар және танк бөлімшелерінің ұрыстық ретін орналастыруға арналады. Қорғаныс позицияларына сонымен бірге, ұрыстық қорғау позициялары, алдыңғы позициялар, аралық позициялар және кесілген позициялар жатады. Сондай-ақ, қосалқы позициялар және алдамшы позициялар болуы ыүмкін. Қорғаныс позициялары қорғаныс шебінің, қорғаныс алқабының, қорғаныс аумағының немесе қамтамасыз ету алқабының бөлігі болып табылады. Шешуші соққы (қарсы шабуыл) беру кезінде олар екінші эшелондар мен қордағылардың жайылу шебі, ал қарсыласпен тікелей түйісуден шабуылды дайындау кезінде бірінші эшелон мотоатқыштар (танкілер) бөлімінің бастапқы ауданы болуы мүмкін.
Әскерлер шабуыл кезінде басып алынған шептерді бекіту, қарсыластың қарсы шабуылын (шешуші сокқысын) тойтару үшін позицияларға бекінеді. Әр позицияның негізін атыс пен бөгеттердің бірыңгай жүйесімен өзара байланысқан батальондық аудандар және роталық тірек-пункттер құрайды. Әр позицияның орналасу орны мен тұрпаты оның арналу мақсатына, күштер мен құралдардың топтастырылуына және жергілікті жердің сипатына қарай анықталады.
Қорғаныс позициялары шолу мен атыс үшін қолайлы болуы, атыстың барлық түрлерін, әсіресе алғышеп алдында және тереңдігінде танкіге қарсы атысты ұйымдастыру үшін ыңғайлы, әскерлер мен әскери техниканы жасырын түрде орналастыру мүмкіндігін, ұрыс барысында шепті бойлай және оның терендігінен тез және жасырын маневр жасаудын жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Позицияны инженерлік жабдықтауға өзара байланыс жолдарымен біріккен және танкіге, жаяу әскерге қарсы бөгеттермен тасаланған окоп, пана, таса қондырғыларын және орларды жасау қамтылады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.