From Wikipedia, the free encyclopedia
Пак Кын Хе (кор. 박근혜, 1952 жылы дүниеге келген) — Корея Республикасының 11-ші президенті. 2004-2006 және 2011-2012 жылдар арасында Ұлы ел партиясының лидері (партия 2012 жылдық ақпанында Сенури деген атауға көшті). 1963-1979 жылдары Оңтүстік Кореяны басқарған президент Пак Чоң Хидің қызы. Корея Республикасының президенті болып 2013 жылғы Оңтүстік Кореяның президенттік сайлауында таңдалды.[1] Лауазымын 2013 жылды 25 ақпанынан бастады. Анасының қайтыс болғанынан кейін әкесінің алдында тұңғыш арудың қызметін атқаруда.
Пак Кын Хе кор. 박근혜 | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
25 ақпан 2013 — 10 наурыз 2017 | |||
Премьер-Министр | Чон Хон Вон | ||
Ізашары | Ли Мён Бак | ||
Ізбасары | Хуаң Гё Ан (м.а.) | ||
| |||
1998 — 2012 | |||
Ізашары | Хон Июн Пьё | ||
Ізбасары | Хуон У Ё | ||
Өмірбаяны | |||
Партиясы | Сэнури | ||
Білімі | Соган универсиеті | ||
Мамандығы | Заңгер | ||
Дүниеге келуі | 2 ақпан 1952 (72 жас) Корея Республикасы Йоннам аймағы. Тэгу қаласы | ||
Әкесі | Пак Чоң Хи кор. 박정희 | ||
Анасы | Юк Ёң Су кор. 육영수 | ||
Жұбайы | жоқ | ||
Балалары | жоқ | ||
Сайты | https://twitter.com/GH_PARK | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Пак Кын Хе | |
Хангыль | 박근혜 |
Ханча | 朴槿惠 |
Маккьюн — Райшауэр |
Pak Kŭnhye |
Жаңа романизация | Bak Geunhye |
Президент өкілеттігі 2016 жылдың 9 желтоқсанында, өткен импичмент тәртібі бойынша, Оңтүстік Корея Парламенті дауыс беру нәтижесінде тоқтатылды. 2017 жылғы 10 наурызда Оңтүстік Корея Конституциялық Соты бірауыздан импичментті бекітті, содан кейін Президенттің өкілеттіктері тоқтатылды. 2017 жылы 30 наурызда, пара алу, билікті теріс пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер болмаған адамдарға құпия ақпаратты берді деген айыппен тұтқындалды[2].
Тэгу қаласында 1952 жылдың 2 ақпанында болашақ Корея Республикасының президенті Пак Чоң Хидің шаңырағында дүниеге келген. Пак Кын Хе 1970 жылы Сеулдегі орта мектепті бітіріп, 1974 жылы Соган университетінде электротехника мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иемденді. Кейін 1987 жылы Пак Кын Хе тайваньдық қытай мәдениеті Университетінен, 2008 жылы Корей жетекші технологиялар институтынан (KAIST), ал 2010 жылы Соган университетінен Honoris causa дәрежесін алады.
1974 жылдың 15 тамызында орын алған Пак Чоң Хиге бағытталған қастандық нәтижесінде, президент зардап шекпей, оның әйелі Юк Ёң Су өлімші болып жараланып, қайтыс болады. Пак Чоң Хи бұл оқиғадан кейін некеге тұрмады, сондықтан «тұңғыш арудың» рөлі бейресми түрде үлкен қызы Пак Кын Хеге көшеді. Бұл 1979 жылдың 26 қазанына дейін, яғни Пак Чоң Хидің Ұлттық барлау агенттігінің директоры Ким Джэ Гюдің қолынан қаза тапқанға дейін созылды[3].
1981 жылы рухани семинарияда христиандық діні жайлы оқып, өзін саясатқа арнады[4]. Ол тұрмысқа шықпаған және балалары жоқ.
1998 жылғы Оңтүстік Корея Ұлттық жиынына (парламент) қосымша сайлау кезінде Пак Кын Хе Ұлы ел партиясынан парламент депутаты ретінде сайланды. Осы кезден бастап 2008 жыл аралығында ол үш мәрте парламентке депутат болып сайланды. Соңғы рет 2008 жылы сайланып, 2012 жылы өкілеттілігі аяқталған кезде келесі депутаттыққа сайлануға дауысқа түспейтіндігін айтты.
2004 – 2006 жылдар аралығында Ұлы ел партиясын (ҰЕП) басқарды. Бұл кезеңде ҰЕП қырықтан астам сайлауда жеңіске жетеді. Политология мамандары бұл жетістікті Пак Кын Хенің еңбігінің нәтижесі деп есептейді, сондықтан бейресми түрде оны «Сайлау патшайымы» деп те атайды[5][6].
2007 жылы Кын Хе өзін президенттікке кандидатурасын ұсынбақ болады, алайда партияішілік сайлауда кейін презиленттік сайлауда жеңіске жеткен Ли Мен Бактан жеңіліс табады.
2011 жылы ҰЕП танымалдылық рейтингінің төмендеуіне байланысты партия Төтенше комитет құрып, партия атауын «Жаңа мүмкіндіктер (көкжиектер) партиясы» деген мағынаны білдіретін Сэнури деген атауға өзгертеді. 2011 жылдың 19 желтоқсанында Пак Кын Хе Төтенше комитет төрағасы және партияның де факто жетекшісі болып тағайындалады. Кейін Сэнури 2012 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жетеді[7], бұл Пак Кын Хенің президенттікке кандидатурасын ұсынуға мүмкіндік берді.
2012 жылғы Оңтүстік Кореядағы парламенттік сайлау нәтижесінде Пак Кын Хе Сэнури партиясын жеңіске алып келді: партия парламенттегі 300 орынның 152 қол жеткізді[7]. Бұл президенттікке сайлануға жол ашты[8].
2012 жылдың 20 тамызында орын алған Сэнури партиясының ішінде президенттікке үміткерлерді сайлау нәтижесінде Пак Кын Хе өз бәсекелестерін 83,97 % дауыс (103 118 дауыс ішінен 86 589) жинау арқылы партия атынан президенттікке үміткер атанды[9].
19 желтоқсанда өткен сайлау нәтижесінде Пак Кын Хе 51,55 % дауыс жинап, Оңтүстік Корея тарихындағы алғашқы әйел-президент болып жарияланды[10].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.