From Wikipedia, the free encyclopedia
Пагуош қозғалысы - бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және ғылым әріптестік үшін біріккен ғалымдардың, саяси және қоғамдық қайраткерлердің халықаралық қозғалысы; ғалымдардың бейбітшілік карусыздану және халықаралық қауіпсіздік үшін халықаралық қозғалысы.[1]
Пагуош қозғалысы өз атауын 1957 жылы 7-10 шілдеде американдық өнеркәсіп иесі С. Итонның қолдауымен әлемдік саясаттың маңызды мәселелері, әсіресе, ядролық соғыс қаупі туралы мәселелерді қарастырған ғалымдардың алғашқы кездесуі өткен канадалық Пагуош (Pugwash) жерінен алды. Пагуош қозғалысының негізі - әртүрлі саяси және философиялық көзқарастардағы ірі ғалымдарға бірге жиналып адамзаттың басына төнген басты мәселе - ядролық қарудың қаупін қарастыруга шақырған Үндеу Рассел - Эйнштейн Манифесі (1955). Пагуош конференциясының 1- ші қозғалысында әлемнің 10 елінен 22 аса танымал ғалым қатысты, оның ішінде АҚШ пен КСРО-дан да бар. Конференция Пагуош қозғалысының шеңберіндегі тұрақты кездесулерге жол салды. Пагуош қозғалысына қатысушылар үкіметтер немесе мекемелер өкілдері ретінде емес, жеке тұлғалар ретінде кездесіп, әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделіп, өзара пікір алмасып, ғаламдық қауіп-қатердің алдын-алу балама жолдарын қарастырды. Пагуош қозғалысына қатысушыларының жоғары мәртебесі мен беделі мемлекет қайраткерлерінің арасында Пагуош кездесулері барысында пайда болған идеялар мен ережелердің кеңінен тарауына ықпал етеді.
Қырғи-қабақ соғыс жылдарында, мемлекетаралық қатынастардағы ширығушылық жағдайында, Пагуош қозғалысы қарусыздану мен қауіпсіздік саласында бірнеше маңызды халықаралық келісімдердің қабылдануына септігін тигізді: Атмосферада, ғарыштық кеңістікте, су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу жөніндеғі (1963), Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісім (1968), Зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі Келісім (1972), биологиялық (1972) және химиялық (1993) қару түрлерін шектеу жөніндегі Конвенция, Еуропадағы қарапайым қарулану жөніндегі Келісім (1993) және т.б. Пагуош қозғалысы Вьетнамдағы соғыстың аяқталуына және көптеген халықаралық қақтығыстар мен дау-жанжалдарды шешуге септігін тигізді. Пагуош қозғалысы қарулану мен қарусыздануды бақылау саласындағы маңызды мәселелердің оңтайлы шешімін табуда ірі ғалымдар мен саясаткерлердің күшін біріктіруде аса маңызды рол атқарады. 1990-шы жж. Пагуош қозғалысы тұрақты даму, экология, ғалымдардың этикалық мінез-құлқы жөніндегі мәселелерге баса көңіл бөледі. Пагуош қозғалысы аясында ядролық, химиялық, биологиялық қару түрлері, аймақтық қақтығыстар, ғаламдық қауіпсіздік, энергетика, экология, егемендік және ішкі іске қол сұғу, ғылыми әріптестік пен ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша арнайы жобалар мен зерттеу топтары бар. 1990 ж. Пагуош қозғалысына және осы қозғалыстың негізін қалаушы, Манифест авторлары Рассел-Эйнштейн мен Дж. Ротблатқа теңдей дәрежеде көптеген жылдар бойы халықаралық саясатта ядролық қару рөлін кемітуге жұмсаган қажырлы еңбектері үшін Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.