Корея Республикасы туы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тхэгыкки (кор. 태극기?, 太極旗?) — Чосон мемлекетінің (1883 1897 жылдар аралығында), Корея империясының (1897 1910 жылдар аралығында), Корея Республикасының Уақытша үкіметінің (1919 1948 жылдар аралығында) және Корея Республикасының (1948 жылдан бастап) мемлекеттік байрағы. Ту 1882 жылы Чосон патшалығының тілмәшы Ли Ын Джунның (кор. 이응준?, 李應俊?) жұмысы болып табылады.