From Wikipedia, the free encyclopedia
Орталық Азия экономикалық кеңістігі – экономиканың жаһандану жағдайында дүниежүзілік экономика құрылымында өзіндік орнын растай алатын, әлемдік ұдайы өндіріс үдерісінде қарым-қатынас жасай алатын бірегей кеңістік. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттері кіреді. Бұл кеңістіктегі халық саны 57 млн-нан астам адам, ал жер аумағы 4,0 млн. км2 және дүниежүзі бойынша тиісінше 24 және 9-орында. Аталған кеңістіктің жер асты және жер үсті байлықтары мен энергетика ресурстары аса мол. Ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Болжам бойынша, Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан аумағыннда 30 млрд. тоннаға жуық мұнай, 7 трлн. м3-дей газ, 40 млрд. тонна көмір және 715 мың тонна уран бар. Жалпы алғанда бұл кеңістік мұнай қоры жөнінен дүние жүзінде 3-орында, газ өндіру жөнінен 4, уран байлығы бойынша 3-орында, түсті, қара және сирек металдар қоры жөнінен 1, алтын өндіруде 9-орында, ал егістік жер көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Қырғызстан мен Тәжікстан су-энергетика ресурстарға бай. Осыған орай Орталық Азия кеңістігінің бірыңғай геосаяси және экономикалық тұрғыдан дамытылған жағдайда бірыңғай геоэкономикалық стратегияны толық жүзеге асыруға мүмкіндігі зор. Қазақстан тарабы Орталық Азия экономикалық кеңістігін дамытуға мүдделілік танытып, нақты ұсыныстар жасады. Нәтижесінде 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығын құру, 2002 жылы Орта Азия ынтымақтастығын құру туралы келісімдер жасалды. Бірақ олар айтарлықтай нәтиже бере қойған жоқ. Осыған орай ІР Президенті Н.Назарбаев 2005 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт негізінде және Орта Азия кеңістігіндегі экономикалық мүдделердің, сондай-ақ мәдени-тарихи тамырдың ортақтығын, тілдің, діннің, тіпті экологиялық мәселелердің де, сыртқы қатердің де ортақ екендігін ескере отырып, Орталық Азия елдері одағын құруды ұсынды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.