From Wikipedia, the free encyclopedia
Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру. Организмді тірілту ажалды жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, ағза тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 – 8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен ағнаны тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады. Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, ағнаны тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның ағзасындағы тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.) қайтымсыз өзгерістер байқалса, Организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.