Орамжапырақ тұқымдасы (лат. Brassicaceae), немесе крестгүлділер тұқымдасы (лат. Cruciferae) – қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер. Дүние жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрі бар. Жапырақтары кезектесе орналасқан, бөбе жапырағы болмайды. Гүлі ақ, қызғылт, сары, көк түсті, қосжынысты. 4 тостағанша, 4 күлте жапырақшалары қиғаш (крест) орналасқан. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Аталығы 6, аналығы – біреу. Наурыз – тамыз айларында гүлдейді. Жемісі – бұршаққын, кейде жаңғаққа ұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтар бар. Орамжапырақ тұқымдасының арасында тағамдық көкөністер (қырыққабат, шалқан, шалғам, тарна, т.б.), майлы өсімдіктер (қыша, арыш, т.б.), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек, баймана, т.б.), дәрілік (ымыртгүл, шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т.б.), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі. Орамжапырақ тұқымдасының шөл, шөлейтті жерлерде өсетін түрлерінің мал азықтық маңызы зор. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің арасында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген 15 түрі бар. Мысалы, Попов ақшешегі (Arabіs popovіі), шымыр ергеш (Stroganovіa robusta), жіңішке пайыз (Stubendorfіa gracіlіs), тағы да басқа[1]

Quick Facts Орамжапырақ тұқымдасы, Ғылыми топтастыруы ...
Орамжапырақ тұқымдасы
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Brassicaceae
Burnett
Тектері

See text.

Close
Thumb
Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдік
Thumb
Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің өнімі

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.