From Wikipedia, the free encyclopedia
Опоссумдар (лат. Didelphidae) - Бұл тек Америкада ғана мекендейтін қалталылардың ішіндегі ең қарапайым тобы.
Опоссумдар | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Corynorhinus townsendii
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Опоссумдар Орталық, Оңтүстік Америка және Солтүстік Американың оңтүстік өңірінде кездеседі. Солтүстік Америка опоссумы Оңтүстік Канада, Шығыс Боливия, Парагвай, АҚШ-тың шығысы мен Тынық мұхит жағалауларында кеңінен тараған.
Опоссумның үлкендігі мысықтай, аяқтары қысқа, тұмсығы үшкір. Құйрығы ұзын, әрі түксіз. Ал, денесіндегі түктері сұрғылт түсті болып келеді. Аналық опоссумның ене тұрқы 36- 53cм, құйрығының ұзындығы 25- 33см, салмағы 1,6- 5- 7кг. Қалтасының аузы артқа (құйрық жағына) қарай ашылады. Көбінесе су жағалауларына жақын жүреді. Аяқтарындағы ұзын 5 саусақтары және құйрығының көмегімен биікке тез өрмелеп шыға алады. Жауынан қорғану үшін өтірік "өлгендей" тырп етпей жата қалады. Опоссумдар көп күрек тісті сүтқоректілерге жатады. Үстіңгі тұмсығында оң жағы мен сол жағында 5- 5-тен 10 күрек тісі болады. Сойдақ тістері күрек тістерінен де ірі. Аналық опоссум бір жылдан соң көбеюге қабілетті болады. Ағаштардың арасында, қоқыстардың арасында, құрылыс орындарының бос жері және т.б. жерлерде тығылады. Ұя жасау үшін опоссум аузына тістеп, иілгіш құйрығының ұшына орап кепкен өсімдік қалдықтарын әкеледі. Табиғатта опоссумдардың тіршілік ету ұзақтығы 2 жылға жетер-жетпес. Қолда өсірілген опоссумдар 7 жылға дейін өмір сүреді. Опоссумдар көбінесе түнге қарай қорек іздеуге шығады. Қорек талғамайды: омыртқасыз жәндіктер, өлекселер, тышқандар, кесірткелер, бақалар, саңырауқұлақтар, мәдени өсімдіктер- жүгері, бидай, күріш және т.б. қоректенеді. Күзге қарай опоссумдар семіріп, қыста үңгірінде қозғалмай жатады. Қазіргі кезде опоссумдардың тіршілік ететін аумағы солтүстікке қарай ығысып, кеңейе бастады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл — зоология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.