Олимпиада ойындарын қабылдаған қалалардың тізімі
мақала-тізім / From Wikipedia, the free encyclopedia
1896 жылы қазіргі заманғы Олимпиада ойындары басталғыннан бері 27 рет жазғы Олимпиада ойындары 22 әр алуан қалаларда және 21 рет қысқы Олимпиада ойындары 18 әр алуан қалаларда болып өтті.Және де үш рет жазғы және екі рет қысқы Олимпиада ойындары соғыстың кесірінен өткізілген жоқ, атап айтқанда: 1916 жылы Берлинде(жазғы), 1940 жылы Токио(жазғы) мен Саппорода(қысқы), және Лондонда(жызғы) мен Кортина д'Ампеццода(қысқы). Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) таңдауы бойынша келешектегі Олимпиада ойындарын төрт қала:2014 жылы қысқы олмпиаданы Сочи, 2016 жылы жазғы Олимпиаданы Рио-де-Жанейро, 2018 жылы қысқы Олимпиаданы Пхенчхан және 2020 жылы жазғы Олимпиаданы Токио қабылдайды.
Олимпиада ойындары |
Ұйымдар |
Хартия • ХОК • ҰОК • Рәміздер Спорт түрлері • |
Ойындар |
Көне Олимпиада ойындары Жазғы Олимпиада ойындары Қысқы Олимпиада ойындары Паралимпиада ойындары Жасөспірімдер Олимпиада ойындары |
Олимпиада ойындарын 7 қала бірден көп рет қабылдады.Олар — Афина(1896 және 2004 жылғы жазғы Олимпиада), Париж(1900 және 1924 жылғы жазғы Олимпиада), Санкт-Мориц(1928 және 1948 жылғы қысқы Олимпиада), Лейк-Плэсид(1932 және 1980 жылғы қысқы Олимпиада), Лос-Анджелес(1932 және 1984 жылғы жазғы Олимпиада) және Инсбрук(1964 және 1976 жылғы қысқы Олимпиада).Лондон — Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала(1908, 1948, 2012).Ал ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел — АҚШ - 8 рет.Франция 5 рет, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Канада және Германия тиісінше 3 рет Олимпиада ойындарын қабылдады.
Олимпиада ойындары 28 рет Еуропада, 12 рет Солтүстік Америкада, 5 рет Азияда және 2 рет Океанияда өткізілген.2016 жылы Рио-де-Жанейро Оңтүстік Америкадағы Олимпиада ойындарын қабылдаған алғашқы қала болмақ.Ал қалған географиялық аймақтар(Африка құрлығы, Таяу Шығыс, Үндістан түбегі, Кариб теңізі және Оңтүстік-Шығыс Азия) бірде-бір рет Олимпиаданы қабылдап көрген жоқ.
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Қала, ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала-кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерімен тура құпиялы жолы арқылы өтеді. Ереже бойынша, соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі. Әр бір айналымнан кейін ең аз дауыс жинаған бір кандидаттан күрестен шығып кетіп отырады. Сонда ғана, кандидат елдерінің өкілдері қайтадан дауыс бере алуға құқысына ие болады.