Нұрғали Құлжанов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Құлжанов Нұрғали (1869/70, Торғай уезі – 1919, Семей) – мәдениет қайраткері.[1]
Орынбор оқытушылар мектебін бітірген. 1905 жылдан Семей мұғалімдер семинариясында ұстаздық еткен.
1906 жылы 1 қаңтарда 3 дәрежелі Әулие Станислав орденімен марапатталған.
1908 жылы Батыс Сібір география қоғамы Семей бөлімшесіне мүшелікке қабылдаған. Бөлімшенің тексеру комиссиясының құрамында болып, өлке тарихына қатысты ежелгі тарихи, музыка, фольклорлық мұраларды бөлімше мұражайына жинақтап тапсырған. 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арнап Н.Құлжановамен бірге әдеби кеш ұйымдастырды.
“Қазақ”, “Бірлік Туы”, “Үш Жүз” газеттерінде мақалалары жарияланып тұрды.