From Wikipedia, the free encyclopedia
“Үш Жүз” — газет, Қазақ социалистік “Үш жүз” партиясының баспа органы.
1917 жылдың желтоқсанынан бастап 1918 жылдың көктеміне дейін Петропавл қаласында шығып тұрған. Барлығы неше саны шыққаны белгісіз. Қазіргі мәлімет бойынша мұрағаттарда үш саны ғана сақталған. Редакторы К.Төгісов. Газеттің көтерген мәселелері сол кездегі ел ішіндегі саяси-қоғамдық ахуал, ұлтаралық қатынас “Үш жүз” партиясының іс-қимылы, т.б.
Жарияланған мақалалар ішінде қазақ халқының болашағы жайлы келелі мәселелер көтерген Алаш автономиясы атты мақала көңіл аударарлық. Бұл мақалада сол кездегі қалыптасқан нақты саяси ахуалды ескере отырып, ұрыншақтыққа салынбай қазақ автономиясы туралы реалистік пікірлерді пайымдайды. “Үш Жүз” газетінің бетінде “Жасасын түрік-татар балалары”, “Барлық мұсылмандар — туысқан” деген ұрандар көтеріліп тұрған. “Үш жүз” партиясының басшыларын Колчак өкіметі тұтқындағаннан кейін газет жарыққа шығуын тоқтатты. [1]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.