![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/ff/Liskiava_Neman.jpg/640px-Liskiava_Neman.jpg&w=640&q=50)
Неман
From Wikipedia, the free encyclopedia
Неман[1] (лит. Nemunas) – Беларусь, Литва және Ресей жерімен ағатын өзен.
- Ұзындығы 937 км, алабының ауданы 98,2 мың км².
- Минск қыратының оңтүстігінен басталып, Балтық теңізінің Курша шығанағына атырау жасап құяды. Орташа су ағымы Смалининкай қаласы маңында 540 м3/с. Желтоқсаннан наурызға дейін мұз құрсанып жатады.
- Днепрмен Огинский және Висламен Августовский су жолдары арқылы жалғасқан.
- Негізгі салалары: Березина, Мяркис, Нярис (оң), Щара, Шяшупе (сол).
- Өзенде Каунас СЭС-і және бөгені салынған.
- Неман алабында Чяпкяляй қорығы ұйымдастырылған.
- Неман бойында Гродно (Беларусь), Друскининкай, Каунас (Литва), Советск (Ресей), тағы басқа қалалар орналасқан.
Сілтемелер
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/ff/Liskiava_Neman.jpg/640px-Liskiava_Neman.jpg)
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |