From Wikipedia, the free encyclopedia
Нағыз саламандралар немесе Саламандралар (лат. Salamandridae) — құйрықты қосмекенділер отряды тұқымдасының бірі. Еуразия, Солтүстік Африка және Солтүстік Америкаға тараған 15 туысы, 45 түрі белгілі.
Саламандралар | ||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||
---|---|---|---|---|
Домен | ||||
Патшалық | ||||
Кіші патшалық |
Эуметазоилар | |||
Тип | ||||
Кіші тип | ||||
Инфратип | ||||
Класс | ||||
Кіші класс |
Қабықсыздар | |||
Инфракласс |
Batrachia | |||
Отряд | ||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||
Salamandridae Goldfuss, 1820 | ||||
Қорғалу статусы | ||||
| ||||
|
Бұларға тән белгілер: астыңғы және үстіңгі жақтарында тістері бар; қабақтары жақсы дамыған; ересектерінің өкпесі болғанымен желбезектері жоқ. Денесі тығыз, құйрығы қысқа, аяқтары мықты, қысқа, алдыңғы аяғында 4 саусақ, артқы аяғында 5 саусақ болады.
Саусақтарының арасында жарғақ болмайды. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі — кәдімгі тритон (Trіturus vulgarіs) Жем өзенінің бойы мен Арал теңізінің солтүстік жағалауында шағын популяциялар түрінде таралған.
Саламандраның дене тұрқы 20 — 28 см. Саламандраның ішінде құрлықта тіршілік ететін (нағыз саламандра) және суда тіршілік ететін (тритондар) түрлері бар.
Кейде құйрықты қосмекенділердің өзге тұқымдастарының өкілдерін (мысалы, өкпесіз саламандра, т.б.) де саламандраға жатқызады. Саламандра ылғалы мол, көлеңкелі ормандарды, бұлақтар мен өзендердің жағалауын мекендейді, таулы аймақтарда 3000 м биіктікке дейін көтеріледі.
Қорегін іздеуге ымырт түсе немесе түнде шығады. Ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді. Іштей ұрықтанады, яғни, суда тіршілік ететін түрлерінің аталықтары тастаған сперматофорды (сперматозоид толы капсула) аналықтары клоакасымен іліп алады. Көптеген түрлері тірі дернәсіл туады немесе ішінде жетілген дернәсілі бар жұмыртқа салады.
Дернәсілдері суда дамиды. Саламандра лабораторияда жануар ретінде тәжірибелерге пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.