From Wikipedia, the free encyclopedia
Насыбайгүл (Ocіmum) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық хош иісті шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шань тауларында өсетін 1 түрі – камфорлы Насыбайгүл(O. basіlіcum) бар. Оның биіктігі 20 – 60 см. Төрт қырлы сабағының сыртын түк басқан. Жапырақтары жұмыртқа не сопақша эллипс тәрізді, түбіне қарай сына сияқты қысыңқы келеді, жиектері тісті, аздаған түктері бар. Гүлдері ақ не ақшыл күлгін түсті, тостағанша жапырақшаларынан ұзын болады. Күлтелері қос ерінді (төменгі еріні бүтін, тегіс, жоғарғы еріні 4 бөлікке бөлінген), аталықтары – 4. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақ, қара-қоңыр түсті, сырты жылтыр. Хош иісті өсімдік болғандықтан парфюмерияда және сабын қайнатуға, тағамға салуға пайдаланылады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.