ағаш кеспелтекті жаруға, желімдеген ағаш бөліктерін қысып тұруға From Wikipedia, the free encyclopedia
Сына — ағаш кеспелтекті жаруға, желімдеген ағаш бөліктерін қысып тұруға, балта, балғаға өткізілген ағаш сапты берік ұстап тұру үшін ұшынан қайыра қағып қоюға арналған қарапайым көмекші құрал.
Оны қайың, қарағай, емен сияқты қатты ағаштан және темірден жасайды. Ағаш сынамен дөңбекті жару үшін, алдымен балтамен із салады да, сынаның жүзін сол ізге қадап, балтаның қапталымен ұрады. Балтаның дүмімен ұрса ағаш сына жарылып кетуі мүмкін. Ол үшін Сынаның жүзіне қарсы жағын темірмен құрсаулап қояды. Оны Сынаның мойнағы деп атайды. Темір Сынаны шой балғамен немесе шой балтаның дүм жағымен қағады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.