Нарвал (лат. Monodon monoceros) – нарвалдар тұқымдасына жататын қара қоңыр түсті, теңбіл дақтары бар сүтқоректі. Аналықтары біршама кішірек, орта есеппен ұзындығы - 4 метр, ал салмағы 1 тоннаға жетеді. Нарвалдың денесі цилиндр тәріздес, арқа жағы теңбілді сұр болып кетеді. Олардың арқа жүзбеқанаттары болмайды. Нарвал жалпы 488 метр тереңдікке дейін сүңгиді. Сондай-ақ 1005 метр тереңдікте жиырма минутқа дейін жүре алады. Жаңа туған нарвалдың ұзындығы - шамамен 1,5 метр, салмағы - 80 келіге жуық. Нарвалдың өмір сүру ұзақтығы - шамамен 50 жыл. Нарвалдың тағы бір ерекшілігі, олар туған кезде түстері қошқылдау болып, өсе келе ағаратындығында. Аталықтарының салмағы - 1,6 тонна, ал аналықтарының салмағы 1 тоннаға жуық болады.

Quick Facts Нарвал, Амандық күйі ...
Нарвал
Thumb
Thumb
Амандық күйі
Thumb
Жойылу қаупіндегілер (IUCN) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Киттәрізділер
Тұқымдасы: Monodontidae
Кіші тұқымдасы: Monodontinae
Тегі: Monodon
Linnaeus, 1758
Түрі: M. monoceros
Екі-есімді атауы
Monodon monoceros
Linnaeus, 1758
Thumb
Close

Нарвал аталығының үстіңгі жақ сүйегінің сол жағында 3 метрге жуық, азу тісі бар. Мұндай азу тіс аналық нарвалда өте сирек кездеседі. Нарвал су сүтқоректілерінің ішіндегі теңіздің өте терең жерінде жүретін балық болып есептелінеді. Нарвалдың басы дөңгелек және бас бөлігінде кішкене ауыз қуысы бар.

Нарвал көбінесе Солтүсік Мұзды Мұхиттың Атлантика бөлігінде кездеседі.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.