From Wikipedia, the free encyclopedia
Бір өркешті түйе, аруана, дромедар (лат. Camelus dromedarius) – сірітабандылар отрядының түйелер тұқымдасына жатады. Денесінің ұзындығы 3 – 3,5 м-дей, биіктігі 2 – 2,5 м. Жон арқасында бір ғана өркеші болады, жүні қысқа және ашық қоңырқай түсті. Салм. 450 – 650 кг. Алдыңғы аяқтарының табаны тұтасып кеткен. Құйрығы біршама ұзын. Мойны иіліп келген, көздері үлкен, қабақтары қалың, құлақтары шағын. Танау тесігі саңылау пішінді. Үстіңгі ерні екі айырланып келген. Б. ө. т. құрғақшылыққа, ыстыққа өте төзімді жануар, бірақ қатты суыққа шыдамсыз. Жақсы жүгіреді. Сондықтан араб елдерінде Б. ө. т-ні дәстүрлі түйе жарыстарына қосады. Оларды шудасы, сүті, дәмді еті үшін өсіреді әрі шөл дала үшін теңдесі жоқ көлік ретінде пайдаланады. Терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Б. ө. т-ні кейде сыңар өркешті түйе деп те атайды.[1]
Бір өркешті түйе | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Бір өркешті түйе
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Camelus dromedarius Линней, 1758 | ||||||||||||||
Ареал
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.